Жаңалықтар

Түркістан облысында агенттіктің превенция қызметінің басшысы жеке қабылдау өткізді

Түркістан облысында агенттіктің превенция қызметінің басшысы жеке қабылдау өткізді

Бүгін Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)  Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов өңір тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізді, деп newsroom.kz хабарлайды.      

Қабылдау барысында Саян Қылышұлы ұсыныс-пікірлері мен арыз-шағымын арқалап келген облыс азаматтарының талап-тілектеріне құлақ түріп, өтініштері мен сұрақтарына толымды жауап берді.

Атап айтсақ, азамат Б.Жұмаділдә Бәйдібек ауданындағы емхана, мектеп, бала-бақшаларға қатынайтын көпірдің сапа деңгейінің төмен екенін баяндады және Хан Тв телеарнасының журналисті Б.Ибрагимов Төлеби ауданы әкімінің Республика бюджетін мақсатсыз жұмсағаны туралы шағымдарын білдірді.

Сондай-ақ, А.Айдарбеков жергілікті атқарушы органдардың іс әрекетіне аудиторлық тексеріс жүргізу туралы, А.Достаев сатып алған жеріне тұрғындардың қоршауға қарсылық білдіруі туралы және А.Абдувалиев «Бірлік» стадионына қатысты арыздарын арқалап, бұл бойынша Агенттік тарапынан тиісті шаралар қолдануын өтінді.   

Азаматтардың әрбір арыз-шағымына терең үңілген Саян Қылышұлы аталған өтініштердің Агенттік тарапынан назарға алынатынын және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ашықтық қағидаттарына сүйене отырып жұмыс жүргізетінін баса атап өтті.