Бұл сайлаудан үлкен үміт күтемін
Бұл сайлаудан үлкен үміт күтемін
Президентті сайлау арқылы таңдау – демократиялы елдің нышаны. Халық өз басшысын өзі таңдайды. Биыл - Қазақстанда Президент сайлауы. 20 қараша барлық қазақстандықтар өз таңдауын жасайды.
Былтыр елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен ауыл әкімдерін сайлауы өткен болатын. Бұған дейін тек аудан әкімі тағайындап келді. Бұдан бөлек, 2023-2024 жылдары халық өз ауданы мен облысының әкімін сайлайтын болады. Бұлардың барлығы ашық демократияға жасалған қадамдар деп білемін. Осылайша елдің билікке араласуы күшейеді. Қоғамдық өмірге көпшіліктің белсенділігі артады.
Мемлекет тағдыры үшін аса маңызды саяси науқанда әрбір азамат саналы түрде сайлауға қатысып, дауыс беруі керек деп ойлаймын. Өйткені ол әр азаматтың өзінің тағдырына, қала берді ел тағдырына әсер етпек. Бұл сайлаудан үлкен үміт күтемін.
Шәкен АМАНТҰРОВ,
«Алдараспан» театрының әртісі, актер