Әскери дәрігерлер жедел емдеудің жаңа әдісін қолданды

29 Қараша, 2019 118 0

ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталі травматологиялық бөлімінің дәрігерлері алғаш рет Нұр-Cұлтан қаласында әскери қызметшіге тізе буынының патологиясын жаңа әдістеме бойынша жедел емдеуді жүргізді.

Травматологиялық бөлімнің бастығы медицина қызметінің подполковнигі Әділет Ақтаевтың айтуынша, жоспарланған операция артроскопиялық құрал-жабдықтардың көмегімен өткізілген.

Мұндай операциялық емдеудің ерекшелігі - монитор арқылы бейнебақылау мен бақылауды пайдалану болып табылады. Бұл өз кезегінде операцияда жарақатты аз болады. Манипуляциялар тілімсіз, тек тесу арқылы, орындалады. Бұл науқастың тез қалпына келуіне өз септігін тигізеді.

Әскери госпитальда хабарлағандай, қазіргі уақытта операция жасалған әскери қызметші өзін жақсы сезініп, аяққа тұруда. Келесі аптада жоспарлы түрде әскери дәрігерлер иық буынының патологиясы бар басқа науқасты жедел емдеуді жүргізеді.



Тегтер: Әскеридәрігерлер, ем, госпитал, дәрігер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.