Жаңалықтар

2025 жылға дейін 15 мың шақырым жол ақылы болмақ

2025 жылға дейін 15 мың шақырым жол ақылы болмақ

Мәжілістегі Үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 2025 жылға дейін Қазақстанда 15 мың шақырым жолға ақылы төлем жүйесін енгізу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлады Newsroom.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл 9 айда 10 мыңға жуық жол тексеріліп, 5 мың заңбұзушылық анықталған.

«Жүргізілген сараптамалар нәтижесінде 2 жол салу және жөндеу жөніндегі мердігер ұйым лицензиясынан айырылды. 17 техникалық қадағалауды жүзеге асыратын инженерлердің қызметі тоқтатылды. Техникалық қадағалау қызметтері мен мердігерлерге 29 млн теңге айыппұл салынды. Мердігерлік ұйымдар 2 млрд теңгеге жұмыстарды қайта жүргізді», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Сондай-ақ министр жыл басынан бері ақылы жолдардан қанша ақша түскеніне тоқталды.

«Қазіргі таңда ақыл жол учаскелерінің ұзындығы – 2,2 мың шақырым. Жыл басынан бері жалпы 4 млрд теңге түсті. Автожолдарды өзін-өзін ұстау және ауыстыру үшін ақылы жолдарды нормативті жағдайда келтіргеннен кейін ұзындығы 2,5 мың шақырым екінші санаттағы автожол учаскелерін енгізу жоспарланып отыр. 2025 жылға дейін жол учаскелерін реконструциялаудың аяқталуына қарай 15 мың шақырым жолға ақылы төлем жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жоспарланып отыр», - деді ведомство басшысы.

Фото: kk.atomiyme.com