Астанада Махатма Гандидің ескерткіші ашылды
Астанада Махатма Гандидің ескерткіші ашылды
Елордада Махатма Гандиге ескерткіш қойылды, деп хабарлады Newsroom.kz тілшісі.
Салтанатты іс-шараға Үндістанның Сыртқы істер және мәдениет министрі Минакаши Лекхи, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Жарасбаев Серік қатысты.
Үндістандық беделді саясаткердің ескерткіші Есіл өзенінің бойындағы аллеяға орнатылды.
Іс-шара Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған.
«Бүгінде бұл мүсіннің орнатылуы өте маңызды. Өйткені Үндістанның тәуелсіздігіне 75 жыл толды әрі қос ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 30 жыл толып отыр. Астанадағы Махатма Гандидің мүсіні халықтар арасындағы достық пен ынтымақстастықты нығайта түседі», - деді Минакаши Лекхи.
Айта кетейік, Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің арнайы өкілі, сыртқы істер және мәдениет министрі елордада өтетін АӨСШК саммитіне қатысу үшін келді.