Жаңалықтар

М.З. Қажыкенді Қазақстан Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі бойынша отырыс өтті

М.З. Қажыкенді Қазақстан Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі бойынша отырыс өтті

2022 жылғы 15 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен  Мейрам Зекешұлы Кажыкенді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп newsroom.kz хабарлайды. 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ортсайлауком мүшесі  Шавқат Өтемісов баяндама жасады. Ол 2022 жылдың 4 қазанында Орталық сайлау комиссиясына «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі М.З. Қажыкенді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы құжаттарды ұсынғанын хабарлады. Орталық сайлау комиссиясына кандидатты тіркеу үшін мынадай құжаттар ұсынылды: 

- Президенттікке кандидат М.З.Қажыкеннің және оның зайыбының активтер мен міндеттемелер жөнінде декларация тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы; 

- Президенттікке кандидат М.З. Қажыкеннің оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытындысы; 

- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының аумақтық сайлау комиссияларының Президенттікке кандидат М.З. Қажыкенді қолдап жиналған азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамалары. 

 width= Осы хаттамаларға сәйкес Президенттікке кандидат М.З. Қажыкеннің қолдауына Қазақстанның 14 өңіріндегі 122 184 азаматтың қолы жиналды. Тексеру нәтижесінде 120 055 қолдың дұрыстығы анықталды, яғни қажетті саны, кемінде 1% немесе 118 273 қамтамасыз етілді. 

М.З. Қажыкенді Президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті барлық құжаттар Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды және оларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді. 

ҚР ОСК қаулысымен Мейрам Зекешұлы Кажыкен 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып тіркелді, оған тиісті куәлік берілді. 

Орталық сайлау комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен М.З. Қажыкеннің брифингі өтті.