Маңғыстауда жыршылар байқауының жеңімпазына 1 миллион теңге табысталды

29 Қараша, 2019 98 0

Мұрын жыраудың 160 жылдығына арналған «Мұхиттан қалмыш теңіз - жыр» республикалық жыршылар байқауында маңғыстаулық Оспан Құлсымақ топ жарды, деп хабарлайды Қазақпарат

Форт-Шевченко қаласында екі күннен бері өтіп жатқан байқаудың марапаттау рәсімі өтті. Қазылар алқасының ортақ шешімімен бас жүлдеге тігілген 1 млн теңге маңғыстаулық Оспан Құлсымаққа табысталды. Сондай-ақ, ол Мұрын жыраудың домбырасын ұтып алды. 

Ал 1-орын 700 мың теңге Батыс Қазақстаннан келген Фархат Оразовқа бұйырды. 2-орынды 500 мың теңгеден алматылық жыршы Айдос Тұрар мен қызылордалық Хасенхан Кішкенеева иеленді.

Маңғыстаулық Манаш Әділбаев, қызылордалық Түрікпен Күнсұлу, нұр-сұлтандық Бектасов Абылайхан және маңғыстаулық Бердібай Тойғұлиевтар 3-орында. Қалған талапкер жыршыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды. 

Айта кетейік, жыршының құрметіне орай ұйымдастырылған байқаудың мақсаты - «Қырымның қырық батыры» сынды мұраны және осы заманға жеткізуші Мұрын жыраудың есімін жас орындаушылар арасында кеңінен насихаттау, рухани мұраны жаңғырту.



Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.