Ержанды бұл байқаудың нағыз жеңімпазы деп санаймыз – Бекхожин

28 Қараша, 2019 180 0

Бүкіл ел бесінші күн қатарынан Ержан Максимнің балалар Евровидениесінің ақтық мәресіндегі өнер көрсетуін айтуда.

"Хабар" агенттігінің атынан тағы бір мәрте біздің Ержанды беделді - балалар Евровидениесі байқауында жоғары деңгейде өнер көрсетуімен құттықтаймын. Еуропа елдерінің ортасында Казақстан елі паш етілгенде біздің кеудемізді қуаныш кернеді. Барлықтарыңыз, дауыс беру аясында, миллиондаған аудитория алдында біздің мемлекеттің атауы сан рет аталғанының куәсі болдыңыздар. Сондықтан да, Ержанды бұл байқаудың нағыз жеңімпазы деп санаймыз, - деді "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин.
Еске сала кетейік, "Хабар" агенттігі іс-шараны ұйымдастыратын Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдасқан мүшесі болып табылады, бұл мүшелік Junior Eurovision байқауына қатысу үшін елден үміткер ұсынуға мүмкіндік берді.
Бұл жетістікке жету үшін біз көптеген жұмыс атқардық. Байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болу үшін келісім сөздер шараға дейін, алдын ала ұзақ уақыт бойы жүргізілді, түбінде оң нәтижеге жететінімізге бек сенген, бір-бірінің пікірлерімен үнемі ақылдасып, санасып отыратын арнайы ұйымдастырушылар тобы өз жұмыстарын жеткілікті дәрежеде орындады, - деді ол.

Бір жыл бойы агенттік ат салысады-ау деген әулетті демеушілер мен танымал тұлғалармен сансыз кездесулер мен келісім сөздер жүргізумен болды. 

Өкінішке қарай, екі компаниядан басқа, ешқайсысынан айтарлықтай қолдау көрмедік. Бүгінде, Ержанның әлемді дүр сілкіндірген өнерінен кейін, қойылымынан кейін, жаны ашығыш және қолдағыш, тіпті кейбір жерлерде екінші орын алғаны үшін сын айтып жатқан адамдардың сыртынан бақылаған қызық әсерге қалдыруда. Сол адамдардың қолдауын байқауға дейін сезсек, көрсек біз шын жүректен қуанатын едік дегенді айтқым келеді, - деп атап өтті Бекхожин.
"Хабар" Агенттігінің басшысы Польшаның Гливице қаласында өткен байқауда қара үзген триумфаторға сыйлығын тапсырды.


Ержан Польшаға жол жүрер алдында "Хабарда" болған көптеген кездесудің бірінде мен "Евровидениедегі жеңісі үшін оның армандаған сыйлығын алып береміз деген болатынмын. Өздеріңіз көріп тұрғандай, біз өз уәдемізді орындаймыз", - деп сөзін аяқтады Бекхожин.
Фото: дереккөз


Тегтер: ЕржанМаксим, Евровидение, байқау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.