Өнер академиясы Тұңғыш Президент күнін тойлады

28 Қараша, 2019 250 0

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ҚР Тұңғыш Президенті күні тойланды. 

Мерекелік шара оқу орнының «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті профессор-оқытушылары мен, студенттерінің шығармашылық бейнелеу өнері көрмесінің салтанатты ашылу рәсімімен басталды.

Академияға келген қонақтар мен шараға қатысушылар ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы – Н.Ә.Назарбаевты бейнелеген студенттер жұмысымен танысып, көрмені тамашалап шықты. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының  ректоры Ақан Абдуалиев келушілерді ҚР Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, атаулы күннің еліміз үшін маңызына тоқталды. Тәуелсіз мемлекетте қамсыз өмір сүріп жатқан әр ұрпақ осы күннің қадірін білу керек екенін айтты. Жас кезінен талаптанып, үздік те үлгілі бола білген Елбасы - Н.Ә.Назарбаевтың көрегендігі арқасында жасалған мүкіндіктерді әр жас азамат тиімді пайддаланса, еліміздің болашағы жарқын болатынына сенетінін жеткізді.

Мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Академияның музыкалық  өнер және театр өнері факультеттерінің студенттері патриоттық және халық әндерін орындады. Оның ішінде Елбасының сүйікті әндерін шырқап, көрерменнің қошеметіне бөленді. Хороеграфия факультетінің студенттері халық билерімен көпшілікті тәнті етті.

Естеріңізге сала кетейік, 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күнін тойлау еліміздің барлық аймағында басталып кетті.

Тегтер: 1желтоқсан, ҚРТұңғышПрезидентікүні

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.