Шахтинск қаласында жеке меншік балабақша ашылды

28 Қараша, 2019 163 0

Шахтинскіде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бағдарламасы бойынша "Іңкәрім" мектепке дейінгі академиясы" атты жаңа балабақша ашылды. Бұл оқиға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында болды.

Мектепке дейінгі мекеме бір жастан алты жасқа дейінгі 270 баланы қабылдай алады. Бұл жерде олардға қазақ, орыс және ағылшын тілдерін, хореографияны, театр шеберлігін, кескіндеме, ән айтуды үйрететін болады. Балалардың қалауы бойынша йогамен айналысып, балалар кинотеатрына бара алады.

Балабақша толық жиһазбен, ойыншықтармен жабдықталған, аумақта заманауи ойын алаңы орналасқан. Мұнда барлық қажетті құралдармен қамтылған музыкалық және спорт залдары бар. Балалар үшін «Здоровячок» ерте дамыту клубы жұмыс істейді.

Аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларының және оралмандар отбасыларының тәрбиеленушілері бақшаға тегін бара алады, қалған санаттар үшін төменгі төлем жүйесі қарастырылған.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сергей Ершов және басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Олар балабақша тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табыс етіп, балалар мен олардың ата-аналарын құттықтады.
Бала бақшаның негізін қалаушы Фархат Маденов өз кезегінде қонақтарды оның мекемесі балалар уақытын көңілді және пайдалы өткізетін, өсіп, дамитын орынға айналатынына сендірді.
 

Тегтер: Шахтинск, балабақша, жаңалықтар, ТұңғышПрезидентікүні

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.