20 отбасы қабылдамаған даун синдромы бар баланы жалғызбасты әке асырап алды

28 Қараша, 2019 219 0

41 жастағы Лука Трапанес әке болуды қатты армандайтын. 

Бұл италияндықтың жұбайымен ортақ тілегі болды. Ерлі-зайыптылар ажырасқанына қарамастан, Лука армандауды жалғастыра берді. Бірақ ол жалғызбасты болғандықтан, оған баланы асырауға рұқсат етілмеген.

Жағдай 2017 жылы күрт өзгерді. Лука Трапанес бала асырап алуға өтініш берді. Сонымен қатар, ол саналы түрде мүгедек немесе психикалық ауытқуы бар «проблемалы» баланы қабылдағысы келді.

«Мен үшін мүгедектігі бар бала - бұл соңғы таңдау емес, саналы таңдау», - деді ол.

Сол жылы тиісті мекемелер оған Даун синдромы бар Альба есімді қыз туралы айтады. Анасы ауруханада науқас баланы қабылдаудан бас тартқанда ол небәрі 3 айлық болатын.

Альбаны мамандар 20-ға жуық отбасына ұсынған. Дегенмен, олар науқас баланы қабылдаудан бас тартқан. Ал ешқашан қолына жаңа туған баланы ұстап көрмеген Лука Альбаны қуанышпен қабылдайды.

Жалғысбасты әке сәбиді алғаш қолына алғанда асырап алған қызының өзі сияқты мықты әрі мінезід екенін бірден түсінеді. Альба кішкентайынан адамдармен араласуға құштар, ешкімнен жатырқамайтынын байқатады. Сондықтан жаңа әкесі оны саябақтарға, музей мен мәдени орындарға жиі апарған. Тіпті кейде жұмысқа да ертіп барады.

« Мен 14 жасымнан ерікті болып, мүгедектермен жұмыс жасадым, сондықтан менде білім мен тәжірибе жеткілікті болды», - дейді Трапанес.

Лука Трапанес өміріндегі осы ерекше оқиғаға қатысты кітап жазды.  Онда ол ерекше қажеттіліктері бар баланы тәрбиелейтін жалғыз басты әке ретінде нені ескеріп, неге мән беру керектігіне тоқталған.

Кітап шыққаннан кейін Лука танымал бола бастады. Ол түрлі шоулар мен қоғамдық пікірталастарға жиі шақырылады.

Люк Альбаның өмірі мен дамуын, қуаныштарын өзінің инстаграм парақшасына жазады. Лука Трапанес осы ерлігі арқылы, кез-келген алалаушылыққа қарамастан бір балаға бақытты кезең сыйлауға болатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді.

Тегтер: даунсиндромы, бала, жалғызбасты, әке

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.