Жаңалықтар

16-18 мамыр - демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

16-18 мамыр - демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Алдағы күндері фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағаймен жаңбыр, батыста, орталықта және оңтүстікте жекелеген аймақтарда қатты жаңбыр жауады.
 width=
Кей жерлерде дауыл, желдің күшеюі күтіледі, сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал. Кезеңнің соңында батыс аймақтарынан басқа аудандарда оңтүстік-батыс тропосфералық ағындарымен температураның бірте-бірте жоғарылауы күтіледі. 16 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде әлі де құбылмалы ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан, Ақтобе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.