Браконьер қолынан қаза тапқан инспектордың туыстары оның өліміне әріптестерінің де кінәсі бар дейді

28 Қараша, 2019 289 0

Қарағандыдағы сот отырысында Ерлан Нұрғалиев отбасының өкілі осылай мәлімдеді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жоғары қорықшылар тобының берген куәлігі бойынша, ауыр жарақат алған инспекторды басқа көлікке тіркемелеген КамАЗ-ға салып жіберген.  

Е. Нұрғалив отбасының өкілі ретінде сот отырысында қатысқан Ғалымжан Тәуекелев бұл істе өлім аузында жатқан қорықшыны неге бірден ауруханаға апармағанын сұрады. Әріптестері өз кезегінде бұл сауалға мардымды жауап қатпады. 

Анықталғандай, оқиға орнына жеткен қорықшылар қансырап жатқан әріптесін ауруханаға бірден жеткізудің орнына сынып қалған КамАЗ-ды тіркемемен сүйреп және оған Е.Нұрғалиевті отырғызған.  

Ерлан НҰрғалиевтің туыстарының айтуынша, қорықшылар басқаша әрекет еткенде, яғни келген көліктерімен бірден ауруханаға барса, мүмкін өлім болмас па еді.

Қорықшы ісіне қатысты қозғалған сот ісі бірнеше айға созылып келе жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында «Охотзоопром» кәсіпорынының инспекторлары киік атқандардың соңына түсіп, оларды 3 браконьер соққыға жыққан. Петр Ницык жарақатынан жазылса, Ерлан Нұрғалиев екі күн ес-түссіз жатып, жан тапсырды.


Тегтер: Қарағандыда, сот, «Охотзоопром»

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.