Оның соңғы тілегі - балаларымен сыра ішу

27 Қараша, 2019 177 0

Твиттердегі вирустық суретте 87 жастағы американдық  Норберт Шемнің қолында Bud Lightсыра бөтелкесін байқауға болады. Шеманың төсегінде отырған оның әйелі Джоанна және олардың балалары Боб, Том және Джон.

Норберттің немересі Адам Шемнің айтуынша, бұл атасы үшін өте маңызды өтініш болған. «Атам соңғы рет бізбе сыра ішіп, мерекелік көңіл-күйде қоштасқысы келді. Біз оның қалауын орындадық», - дейді.

Сол күннің ертесіне арманы орындалған ер азамат өмірден өтеді. Оқиғаның ерекшелігі, Норберт Шем обыр ауруымен науқастанған. Өзінің аурудан жазылмасын білген қария, балаларына соңғы тілегін жеткізген.

Ал екінші ұлы Адам Шем: «Бұл біздің онымен соңғы рет сөйлесуіміз болды. Ол анамызға қарап ішіндегі барлық сөзін айтып, махаббатын жеткізіп үлгерді. Олар 65 жыл отасқан үлгілі отбасы еді. Меніңше, біз бақытты ұрпақпыз», - деп атасын қимағанымен, оның соңғы өсиетін орындағынан риза екенін жеткізді.

Фотосурет көптеген желі қолданушыларының қызығушылығын тудырған. Аз уақыттың ішінде 320 мыңнан астам лайк пен 30 мыңнан астам репост алды.

Тегтер: Америка, жаңалықтар, сыра

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.