Жұлдыз белгісіне қарап жігіттің талғамын анықтайық
NewsRoom
Жұлдыз белгісіне қарап жігіттің талғамын анықтайық
Тоқты
Не ұнайды: батылдық, ашық әңгімелер. Оттай ыстық тоқты жұлдыздының өкілдері өмірін құмарлықсыз елестете алмайды.
Не ұнамайды: оны өзгерткісі келетін адамдар. Оның өзгеруін қалайтын, үнемі ақыл айтатын қыздар “бұрынғы қыздарының” тізімін толықтыратыны анық.
Торпақ
Не ұнайды: романтика. Торпақтар сезімге толы кездесулерді, сөздерді ұнатады. Оған демалдыратын массаж жасап берсең, жүрегін табыстауға дайын.
Не ұнамайды: өтірік. Табиғатынан адал торпақ өтірік сөйлеушілерді жек көреді.
Егіздер
Не ұнайды: адалдық, интеллект және тапқырлық. Егіздер үшін сөйлесу маңызды, алайда бос сөзді ұнатпайды. Бұл егіздерге маңызды, өзекті тақырыптарға әңгімелесе алатын бойжеткен оның жүрегін мәңгіге жаулайды.
Не ұнамайды: қатардағы адам. Егіздер ерекше адамдарды іздейді. Көңіл-күйін түсіретін жандар егіздердің қара тізіміне ілігеді.
Шаян
Не ұнайды: сезімталдық. Шаяндар табиғатынан сентималды, сондықтан романтикаға, сезімге қатысты дүниелер оны елітіп әкетеді.
Не ұнамайды: тәкаппарлық және эгоизм. Шаяндар эмпатияға қабілетті, сондықтан оның сеніміне кірмейтін және өзіне қарата алмайтын адаммен араласуы екіталай.
Арыстан
Не ұнайды: позитивті ойлау. Арыстандар оптимизмнің нұрын шашатын жандармен өзін жақсы сезінеді.
Не ұнамайды: тұрақты негатив. Арыстанды меланхолиялы күйде сирек көре аламыз, сондықтан айналасындағы адамдардан да позитивті көңіл-күй талап етеді.
Бикеш
Не ұнайды: шабыт. Бикештер оны шабыттандыратын адамдарды кездестіргенде өзін жайлы сезінеді. Мұндай адаммен бикештер кез-келген қамалды алуға дайын.
Не ұнамайды: кірқожалақ адамдар. Тазалыққа жаны құмар бикештер, ұсақ-түйек заттарға да тиянақты қарайды. Әңгіменің тартымдылыған қарамастан, бикеш әңгімелесушінің көйлегіндегі майлы дақтан көз алмай қарайды. Ол үшін дақ бірінші орынға шығады.
Таразы
Не ұнайды: табиғи сұлулық. Таразылар сыртқы бейнеге көп мән береді. Косметика көп қолданбайтын қызды жолықтырған жағдайда, оның алдына бас июге дайын.
Не ұнайды: queen of drama. Таразылар ұрыс-керістен басын аулақ ұстайды. Тіпті жанжалдың ортасына түскен жағдайда да үнемі бітімгердің рөлін өзіне алады. Айқай шығаратын, өмірінің астан-кестенін шығаратын қыздарға таразы-жігіттердің өмірінде орын жоқ.
Сарышаян
Не ұнайды: мінсіз болуға ұмтылу. Сарышаяндар өзіне күтім жасайтын және Шекспирді түпнұсқасында оқитын қыздарды ұнатады.
Не ұнамайды: опасыздық. Сарышаяндар адамға оңайлықпен сенім артпайды. Оған деген сезіміне күдік пайда болған жағдайда, қарым-қатынастың бұзылу ықтималдылығы жоғары.
Мерген
Не ұнайды: жоспарсыз өмір сүру және әзілкештер. Мергендердің өмірі қызықты оқиғаларға толы. Сол себепті болашағын авантюраларға дайын, кез-келген сәтсіздіктің жағымды жағын ойлап, күлкіге айналдыратын жанмен байланыстырады.
Не ұнамайды: қадағалау. Мергендер үшін еркіндік маңызды. Тәуелсіздігі үшін көп нәрседен бас тарта алады.
Тауешкі
Не ұнайды: кербездік және құпиялық. Тауешкіні таңқалдыру оңай. Театрда әдемі көйлек киіп келсең, сенен кеш бойы көз алмайды. Бұл образыңа кішкене құпиялық қоссаң, сенің жаныңда мәңгіге отыруға дайын.
Не ұнамайды: эгоизм. Қыздың бойындағы құпиялыққа ғашық болғанымен, тауешкілер тәкаппар жандарды ұнатпайды. Өзін ғана ойлатын адамдар тауешкіні тез жалықтырып жібереді.
Суқұйғыш
Не ұнайды: сенімділік және интеллект. Суқұйғыштар тәулігіне 24 сағат бойы ойланып, толғануға тәуелді. Сондай-ақ қасында зияткер, ақылды жанның болуын қалайды. Айтпақшы, суқұйғыштар үшін жанындағы адамының өз ойын ашық жеткізіп, ғылымға негізделген аргументтер бере алуы маңызды.
Не ұнамайды: әлсіздік. Суқұйғыш “мен сенсіз өмір сүре алмаймын” дейтін адамдарды ұнатпайды. Махаббатта атеист суқұйғыш бұл сөйлемге күдікпен қарайтын. Сондықтан, “өле өлгенше бірге боламыз”, “сенен басқа ешкімге ғашық болмаймын” дейтін қыздарға абай болған жөн деп санайды.
Балықтар
Не ұнайды: романтикалық іс-әрекеттер. Оған өз қолыңмен сурет салып берсең, мәңгілікке сендік болатынына сенімді бол.
Не ұнамайды: билік. Балықтарды тәуелсіздіктің жақтастары деп айта алмаймыз, бірақ билігін жүргізгісі келетіндерден аулақ жүреді. Ол біреудің айтқанымен өмір сүре алмайды.