Жаңалықтар

Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтті

Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтті

Елордада жұмыс іздеп жүргендерге 2 мыңға жуық орын ұсынылды, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.

Жыл басынан бері Астанада 5 бос орын жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде оған 300-ге жуық елордалық жұмыс беруші қатысты.

Халықты жұмыспен қамту орталығы «Жастар» сарайында өткізген бос орындар жәрмеңкесіне 50 компания келді. Олар 1820-ден аса бос жұмыс орнын ұсынды.

Биыл орталық 296 жұмыс берушінің қатысуымен 5 бос орын жәрмеңкесін ұйымдастырған. Онда құрылыс, өндіріс, сауда, тамақтану, қаржы және сақтандыру қызметі, көлік және тағы басқа салалар бойынша 8 мыңнан аса бос орын ұсынылды.

Қалада денсаулық сақтау, сауда, құрылыс, өндіріс салалары бойынша маман тапшы.

«Жастар» сарайында өткен жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген 2 мыңнан аса адам қатысты. Әңгімелесуге 500 адам шақырылды. Оның 240-ы тұрақты жұмыс орнына орналастырылды.

Фото: Хабар 24