Жаңалықтар

Мектеп оқушыларына арналған 515 жаңа автобустың 101-і Түркістан облысына жөнетіледі

Елімізде мектебі жоқ немесе бастауыш мектебі ғана бар ауылдардың балаларын жақын маңдағы білім беру ұйымдарына қауіпсіз тасымалдау үшін 515 жаңа автобус сатып алынады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Желіге шолу» айдарында Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев айтты, деп newsroom.kz хабарлайды.

@Асемгүл Орынтай есімді оқырман желіде: «Оқушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарылып жатыр?», - деп сұрапты. Бұл сұраққа Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев жауап берді.

«Балаларды қауіпсіз тасымалдау - біздің бақылауымыздағы маңызды сұрақтардың бірі және біз осы мәселені үнемі көтеріп келеміз. Биыл Балалар жылы аясында қауіпсіздік талаптарына сай келетін 515 жаңа автобус сатып алу үшін республикалық бюджеттен ақша бөлінді. Жаңа автобустар қауіпсіздік белдіктерімен, мектеп сөмкесіне арналған сөрелермен, есіктері ашық кезде қозғалысты тежейтін механизммен және тағы да басқа қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған», - деді Дулат Жекебаев.

Комитет төрағасының орынбасары автобустарды сатып алуға бөлінген қаржыны игеру жергілікті әкімдіктердің құзыретінде екендігін айтады. Қоғамдық көліктер елімізде құрастырылатын болғандықтан қомақты тапсырыс отандық автоөндіріс саласын дамытуға да үлкен үлес қосатынына сенімді. Сөзінше, ең бастысы балаларымызға қауіпсіз, жайлы автобустармен қатынауға жағдай жасаймыз. «Жаңа автобустар Ақмола, Ақтөбе облыстары сияқты бірқатар өңірге жеткізіліп, таратылып жатыр. Біз еліміздің барлық аймағындағы мектеп автобустарын кезең-кезеңімен жаңартамыз. Бірінші кезекте проблема бар өңірлерді автобуспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Мәселен, 515 автобустың 101-і Түркістан облысына жөнелтіледі»,-деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев. Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы орта білім беретін 910 (10 жеке меншік) ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 97 бастауыш, 57 негізгі, 756 орта мектеп. 78 қалада, 832-ауылдық елді мекендерде орналасқан. 1) Бастауыш мектеп – Бастауыш білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 2) негізгі орта мектеп – бастауыш және негізгі орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 3) жалпы білім беретін мектеп - Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; Мектептің негізгі міндеттері: 1) құзыретті тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау; 2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген базистік ғылым негіздерін алуын қамтамасыз ету; 3) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру; 4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу; 5) Белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; 6) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу. Сонымен қатар, Облыста 2020 жылғы наурыз айының 20 жұлдызына дейін 1447 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасады. Оның: 1271 балабақша (273-мемлекеттік, 998-жекеменшік), 176 мемлекеттік шағын орталық. Онда 1-6 жастағы 153296 (96,0%) бала тәрбиеленуде, оның ішінде 3-6 жастағы 119834 бала қамтылып, ол 99,8% құрады. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдардың үлесінің 69,0 % жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар құрайды. Балабақша кезегінде 1-6 жас бала саны –8159 оның ішінде 3-6 жас аралығындағы кезектегі бала саны- 380). Облыс әкімінің 2020 жылғы 18 наурыздағы Түркістан облысының аумағында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссия отырысының №2 хаттамалық тапсырмасының 5-тармағына сай меншік нысанына карамастан (мемлекеттік, жекеменшік) мектепке дейінгі ұйымдар а.ж.20 наурызынан бастап уақытша жумыстарын тоқтатты. Мектепке дейінгі ұымдардағы қызметкерлердің еңбек жалақысы сақтала отырып, үйлерінде, өз өтініштері бойынша кезекті еңбек демалысында, тәрбиешілер (ватсап, телефон ) арқылы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ата-ананың келісімімен тапсырмалар беріп, қашықтықтан ата-аналармен тығыз байланыста. Мекемелерде тек басшылары, шаруашылық меңгерушісі, бухгалтерлері және қарауылдары кезекшілік етуде. Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі