Жаңалықтар

Әдебиет бойынша Пулитцер премиясын алған алғаш әйел жазушы романы экранизацияланады

Әдебиет бойынша Пулитцер премиясын алған алғаш әйел жазушы романы экранизацияланады

Осыған дейін "Мария-Антуанетта" және "Элиталық қоғам" аталатын картиналары арқылы танылған талантты режиссер, 6 мәрте "Оскар" иеленген Фрэнсис Копполаның қызы, Николас Кейдждің немере қарындасы София Коппола бірінші рет сериал түсіруге кіріспек.  width=Таңдау әдебиет саласы бойынша Пулитцер премиясын алған алғаш әйел жазушы Эдит Уортонның "Ел салты" атты романына түсті. Бірақ, автор премияны "Пәктік дәуірі" шығармасы үшін алған. Сериал Нью-Йорктің элиталық қоғамының мүшесі болуға талпынып бағатын төменгі тап өкілі Ундина Спрагг өмірінен сыр шертеді. Копполаның жұмысын Apple TV+ стримингтік платформасынан көре аласыздар. Бірақ премьера уақыты әлі бекітілмеген.