Король әулеті қалай демалады? 7 қызықты дерек

27 Қараша, 2019 195 0

Олардың демалысы қарапайым отбасылардан түбегейлі ерекше. 

Неге екеніне назар аударыңыз. Британдық король әулетінің мүшелері сапар алдында ескеруі керек ережелердің ұзақ тізімі бар. Бұл ережелер олардың жолжүгіне, тамағына, киіміне және өзімен бірге алып келген заттарына қолданылады. Әр жиынға қатысу уақыты да реттеледі. Бұл ережелердің кейбірі абсурд болып көрінгенмен, қисынды себептері бар. Біз сіздерге патша отбасының саяхаттары туралы қызықты жеті дерек ұсынамыз.

Олардың сапары қысқа әрі іш пыстырарлық


Князь, герцог, тіпті патшайым да жай ғана серуендеуге, кмейрамханаларға бару мен  экскурсияға баруды армандайды. Әрине, олардың әлемнің кез-келген жеріне баруға мүмкіндігі бар. Бірақ патша отбасы мүшелерінің көпшілігі өздерінің ресми кестелеріне сәйкес ресми кездесулерге барады. Оларға ең танымал аттракциондарды тамашалауға әдетте 40 минут ғана уақыт беріледі.

Король әулетінің мүшелерінде бір киімнің бірдей бірнеше жұп болуы тиіс


Патшайымның жеке көмекшісі және стилисті - Ангела Келли әрқашан сапарға шыққанға дейін Елизавета II-ге кемінде екі бірдей киім тігеді. Шындығында, патшайым әрқашан мінсіз көрінуі керек. Сондықтан, кез-келген жағымсыз жағдай туындағанда, ешкім еш нәрсені байқамай тұрып, киімді ауыстыра алуы керек.

Сапарға шыққанда оларда қара түсті киім болуы міндетті    

                                                                                                          

Бұл сапарда жүргенде туыстардың немесе жақын достарының бірі қайтыс болған жағдайда, король отбасы қара жамылып үлгеруі үшін алып жүретін арнайы киім. Осылайша, отандарына оралғаннан кейін олар тиісті түрде киінеді. Бұл 1952 жылы II Елизавета Африкада жүргенде, әкесі қайтыс болғаннан кейін енгізілген ереже. Содан кейін ол қайтып келе жатып, ұшаққа қара костюм келгенше күтуге тура келген.

Олардың құю үшін өз қаны болуы керек


Бұл патша отбасының жүгінен табылуы тиіс ең ерекше нәрсе. Бірақ хаттамаға сәйкес, төтенше жағдайда олармен бірге қан болуы керек. Сонымен қатар, қан құю кезінде әрқашан олармен бірге жүретін жеке дәрігер болуы міндетті.

Әрқашан үлкен көмекшілер тобымен бірге жүреді


Корольдік отбасы мүшелері қайда бармасын, әрдайым өздерімен бірге сенімді көмекшілер тобын алады. Хатшылар, шаштараздар, стилистер және күтушілер - сапар барысында көмектесе алатын адамдар міндетті түрде олармен бірге жүреді. Сонымен, жалғыз Патшайымның өзін 34 көмекші, ал Кембридж герцогін - шамамен 10 адам алып жүреді.

Олар әлемнің барлық тілдерінде қалай амандасу керектігін білуі керек


Британдық монархияның өкілі ретінде, отбасы мүшелері адамдармен бірнеше тілде амандаса алуы керек. Сонымен бірге олар баратын елдің этикетін білуі және көрсетуі керек. Сондықтан олардың әр сапарға дайындайтын көмекші кеңесшілері бар. Сонымен қатар, олар әрқашан ана тілінде сөйлейтін аудармашылармен бірге жүреді. Олар диалогтағы кідірістерден аулақ болуға және кез-келген сұрақтарға тез жауап беруге көмектеседі.

Отбасының әр мүшесі үшін жеке мәзір


Сарай қызметкерлері шетелдік аспаздармен монархтарға арналған барлық тағамға алдын-ала келіседі. Оларға пияз немесе дәмдеуіштердің көп мөлшерін қосуға, теңіз өнімдерін немесе ас қорытуды тудыруы мүмкін басқа да өнімдерге тыйым салынады. Патшайымға келетін болсақ, ол өзінің сүйікті тағамын құпия сақтайды, өйткені ол құпияны ашса, бұл тағам әрдайым оған беріледі деп сенеді.

Аударған: Динар Нахыпбек

Тегтер: Корольәулеті, демалыс, саяхат, отбасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.