ШҚО-да тағы бір жасыл жоба іске қосылды
ШҚО-да тағы бір жасыл жоба іске қосылды
Елімізде «жасыл экономикаға» көшу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.
Энергетика министрлігінің дерегінше, биыл бірінші жартыжылдықта жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) нысандарында өндірілген электр энергиясының үлесі 4,2%-дан асқан.
Қазақстан 2025 жылы бұл көрсеткішті 6% дейін, 2030 жылы – 15% ал 2050 жылы – 50%-ға дейін жеткізуді жоспарланып отыр.
ЖЭК үлесін арттыру үшін өңірлерде жаңа электр станцияларын салу керек. Осының жобаның бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Тұрғысын гидроэлектростанциясы (ГЭС). Оның қуаты – 24,9 МегаВатт, орташа жылдық өндірісі 80 млн киловатт-сағат. Жаңа ГЭС Алтай ауданындағы Тұрғысын өзенінде салынды. Жасыл жобаны жүзеге асыруға 13,39 млрд теңге жұмсалған.
Мамандардың айтуынша, Тұрғысын ГЭС-і – Қазақстандағы ең ірі жеке электр станциясы.
Фото: igtipc.org«Елімізде гидроэнергетика саласын дамытуға мүмкіндік бар. Мысалы, ШҚО және тағы басқа өңірлерлер. Онда ағысы қатты өзендердің бойында ГЭС салуға болады. Бірақ мұны зерттеп, мамандардың пікірін ескеру керек. Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің объектілерін салуға болады. Олардың болашағы бар. Париж келісіміне сәйкес бекітілген мемлекеттік стратегия бойынша ЖЭК үлесін арттыруымыз керек», - деді сарапшылар.