weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазгидромет Түркістан облысындағы нөсер жауынға не себеп болғанын айтты

Қазгидромет Түркістан облысындағы нөсер жауынға не себеп болғанын айтты

Қазгидромет Түркістан облысындағы нөсер жауынға не себеп болғанын айтты
ашық дереккөзі
Шымкент пен оған іргелес жатқан аудандардың су астында қалуына Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының жарылуы әсер еткен. Яғни Қазгидромет өкілдері Өзбекстан мен Мақтаарал жеріне жайылған ірі көлемді судың булануы нөсер жаңбырға қосымша себеп болды деп отыр.  width= Еске сала кетейік, 13 мамыр күні түнде Түркістан облысында толассыз жауған жауын-шашын салдарынан бірнеше аудандағы үйлер мен аулаларды су басқан еді. Тіпті билік жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланған болатын. Ал "Қазгидромет" мұндай қатты нөсерге Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының жарылуы әсер еткенін айтады.
"Бөгеттің жарылуынан судың көп бөлігі Түркістан облысының территориясына қарай ақты. Осыған байланысты өңірде қатты булану процессі басталды. Ал бұл өз кезегінде құйып жауған жаңбырға әкелді", - дейді дейді "Қазгидромет" РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі Арайлым Тұрғынова.
Айта кетейік, жауын-шашын салдарынан қауіпсіз жерге эвакуацияланған жүздеген тұрғын үйлеріне қайта бастаған. Келтірілген шығын әлі есептеліп жатыр. Сілтеме