Жаңалықтар

Елорда әкімдігі 62 жастағы әйел адамның коронавирустан қайтыс болмағанын мәлімдеді

Елорда әкімдігі 62 жастағы әйел адамның коронавирустан қайтыс болмағанын мәлімдеді

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында 13 мамырда коронавирустан екі адамның қайтыс болғаны хабарланған еді. Оның бірі 62 жастағы әйел адам болатын. Бүгін елорда әкімдігі тұрғынның COVID-19-дан көз жұмбағанын хабарлады.  width= Әкімдіктің мәліметінше, әйел адам коронавирус инфекциясымен бірге басқа да аурулармен ауырған. Дегенмен оның өлімі прогрессивті жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен туындаған қайтымсыз органикалық әсерден болған. "Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында КВИ тесті оң нәтижелі болған науқастардың өлім-жітімін зерттеу комиссиясы бұл жағдайды КВИ салдарынан қайтыс болған жоқ деген шешім шығарды", - делінген хабарламада.  Сілтеме