Қазақстанның Чехиядағы жаңа Елшісі тағайындалды

26 Қараша, 2019 153 0

Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы – Қазақстанның Чехиядағы Елшісі қызметіне тағайындалды.

1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған (1981), философия ғылымдарының кандидаты (1985), әлеуметтану ғылымдарының докторы (1988),  Лондон университетінің докторанты (1988), Профессор (1993), Стамбул университетінің құрметті профессоры (2008).  

ҚР әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, Ресей Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі, Ресей Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі, ҚР саяси ғылымдар Академиясының академигі және президенті, ҚР әлеуметтанушылар қауымдастығының президенті, Түркі тілдес елдердің әлеуметтанушылары Одағының президенті.

1981 жылдан 1991 жылға дейін ҚазКСР ҒА ғылыми қызметкері, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты, оқытушысы, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі болды.

1992 жылдан 2000 жылға дейін ҚР Президенті аппаратында соның ішінде, ҚР Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинеті ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасарынан бастап ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына дейін әр түрлі лауазымдарды атқарды. 

2001 жылдан 2007 жылға дейін ҚР ҰҚК басқарды, ҚР Президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болды.

2007 жылы ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалады.

2009-2013 жылдары ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметтерін атқарды.

2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. 

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болды.

Қазақстанның Чехиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымын атқарды. 

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын тілін меңгерген. 

Үйленген, қызы бар. 

 
@PressMFAKZ

Тегтер: ТәжинМарат, елші, Чехия, елші

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.