Сұмдық! Маңғыстау облысындағы мекеме мұнай қалдықтарын далаға төгіп келді (Видео)
Сұмдық! Маңғыстау облысындағы мекеме мұнай қалдықтарын далаға төгіп келді (Видео)
24.kz дереккөздеріне сүйене отырып, Маңғыстауда мұнай қалдықтарын далаға төгіп, табиғатты ластаған компанияға 60 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп newsroom.kz хабарлайды.
Олар қоқыстан құтылу үшін зиянды химиялық қалдықтарды жер астына көміп келген.
Осыған байланысты Қарақия ауданының тұрғындары дер кезінде дабыл қағып, жергілікті Экология департаментіне арыз жазады. Тиісінше, құзырлы орган «VOID» мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізіп, заңсыз әрекетті анықтады. Сонымен қатар, қазір зертхана мамандары топырақ үлгілерін алып, тексеріп жатыр.
[embed]https://m.youtube.com/watch?v=Kd3yKTv1x9o&feature=youtu.be[/embed] Фото: Видеодан алынған