Кім халтурщик? Белгілі журналист мемсыйлыққа шүйлікті
Кім халтурщик? Белгілі журналист мемсыйлыққа шүйлікті
Халтуршиктер... «Біздің Мақсат» қызықты тақырыпты қозғады. Мемлекеттік сыйлық. Ақын-жазушыларға берілетін мемлекеттік сыйлық қой. Қатысушы ретінде бардым да, басқа планетаға түскендей болдым.
Жалпы мемлекеттік сыйлық дегеннің не екенін де сол жерде білдім. Оған арнайы комиссия құрылады екен. Бәрі шығармаларын тапсырады екен. Ақшаны алғандар қуанады екен. Алмағандар біресе алғандарды, біресе бергендерді жамандайды екен. Примерно осылай.
Ал, мен сырттай қарааап тұрмын да, «осынша қарбалас на**ен нужен» деп ойладым.
Жалпы комиссия құрып не керек? Ақшаны шашып не керек? Әсіресе, осылай бықситынын біле тұра, неге оны ұйымдастырады?
Ақын-жазушыларды да түсінбедім. Олар мемлекет жағдай жасау керек, қолдау керек деп ойлайды. Ана жерде «100 мың доллар берсін» деген де әңгімені жіберіп жатыр. Негізі, менің түсінігімде, мемлекет қолдау жасауға міндетті топтар бар. Ол жетім-жесірлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, әлеуметтік аз қамтылғандар, зейнеткерлер деген сияқты. Ал, енді олармен жағаласып, "бізге беруге міндетті" дегені нес?! Құрсын, сол ақшаны басқа жолмен де табуға болады ғой.
Қаламгерлерді мұқатқым келмейді. Бірақ, сен, мысалы, оны өзің таңдадың, өзің жаздың. Енді мемлекетке не дейсің?) Ары қарай да өзің шығар, өзің саудала, өзің күніңді көршиш. Болмаса, ел қатарлы жұмыс істе. «Мен қаламгермін, маған төлесін» деген болмайды ғой. Жалпы мемлекеттік сыйлық алған шығармаларды оқығандар бар ма? Олар оқылмай жатса, біресе қолдамайды деп мемлекетті, біресе қабылдамайды деп қоғамды қараламау қажет. Мүмкін, адамдар оқитын қарапайым кітап жаза салу керек шығар.
Сүйтіп, жүрік қой, ш**с. Алады да эфирде «холтуршиксіңдер» дейді. Әңгіме басындағы сөз содан ғой. Ал, енді айналып келгенде кім халтуршик?