Жаңалықтар

Еуропада бірінші болып Словения коронавирусты жеңгенін мәлімдеді

Еуропада бірінші болып Словения коронавирус індетін жеңгенін ресми түрде мәлімдеді. Соңғы екі аптада мұнда тек 35 адамнан коронавирус анықталған деп хабарлайды  Newsroom тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.  width= Соңғы екі аптада мұнда тек 35 адамнан коронавирус табылған. Словения - індетке байланысты қатаң шаралар енгізген Еуропадағы алғашқы мемлекет. Наурыз айында енгізілген шектеулер сәуір айының ортасында алына бастады. Қазір билік бірнеше көрші мемлекетпен шекарасын ашқан. Ол жақтан келгендердің карантиннен өтуі шарт емес. Дегенмен басқа елдерден келген азаматтар екі апта карантинде болуы керек. "Эпидемияны жеңдік" деп мәлімдеген Словения билігі барлық шектеу шаралары алынатынын хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, Словенияда 1,5 мыңға жуық адамнан коронавирус табылған. 103 адам қайтыс болған.