«Онкология ма?» Шашын түбінен қырған Айгүл Иманбаеваның түрі елді шошытты
«Онкология ма?» Шашын түбінен қырған Айгүл Иманбаеваның түрі елді шошытты
Дәл қазір желідегі жұртты Айгүл Иманбаеваның денсаулығы қатты алаңдатып отыр. Exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып, өйткені өнер иесі қолаң шашын тақырлап алып тастап, әлеуметтік желі арқылы көпшілікке бейнеүндеу жолдаған, деп newsroom.kz хабарлайды.
Айгүл Иманбаева Instagram-дағы екі жарым миллионнан астам оқырманының назарына ұсынған видеосынан түрі адам танымастай өзгерген, яғни шашын түбіне дейін қырып алып тастағанын аңғаруға болады. Сондай-ақ, тақырбас актриса болмысындағы бұл өзгеріске қатысты көпшілікке арнайы бейнежазбасын жариялапты.
Мыналардың бәрі менің шашымды алып тастап, өздері рахаттанып жүр. Шашымның жағдайы осылай болды. Осылай қалдырайын ба, өсірейін бе? Қалай ойлайсыздар? — деді Айгүл Иманбаева.
Айгүлді бұрын-соңды мұндай кейіпте көрмеген көпшілік бірден шошып қалса керек, кейбір желі қолданушысы әншінің амандығын сұраса, енді бірі түрлі жағымсыз пікір қалдырған.
"Онкология ма?", "Ауру болғансың ба? Алла шипасын берсін. Рактан жазылып, аяғына тұрып жатқандар бар", "Өнер деп жүріп, бас ауруына шалдыққан жоқсың ба?", "Сайтанға ұқсап тұр. Не еркек, не қатын емес", "Мына қатынды қартайғанда жын ұрды ма?", — деп жазды оқырмандары.
Осылайша оқырмандардың бір тобы Айгүлдің денсаулығына қатты алаңдаса, екінші легі бұл түсірілім барысындағы арнайы образ екенін жазып жатыр. Бірақ желіні дүрліктірген Иманбаеваның өзі бұл тақырыпқа қатысты әлі ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva