Қазақстанда Дүниежүзілік тазалық күніне арналған акция қорытындыланды
«Ғаламшарды толық тазалау» — ұйымдастырушылар Дүниежүзілік тазалық күніне арналған акцияны осылай атайды, бұл акцияға дәстүр бойынша ғаламшарды тазартуға және экология мәселелеріне қоғамның назарын аудартуға талпынатын әлемнің 180-нен астам елінен миллиондаған еріктілер қосылады, деп newsroom.kz хабарлайды.
Қазақстан бұл акцияға бесінші жыл қатарынан қатысуда, ал оның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен әкімдіктердің қолдауымен «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ, «Let's do it, Qazaq eli» ҚҚ болды.
Еліміздің қалалары мен қала маңындағы қоқыстарды ауқымды тазалауға экология мәселелеріне бей-жай қарамайтын 33 мың қазақстандықтар шықты. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, акция барысында 8 мың гектардан астам жер тазартылып, 20 мың тоннадан астам қоқыс жиналды, ал жиналған қоқыс сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілді. Сонымен, 1,8 мың тоннадан астам шыны, 3 мың тонна пластик, 2 мың тонна резеңке, 2,8 мың тонна қағаз және картон, 1 мың тонна металл жіберілді.
Акция аясында елді мекендердің төңірегіндегі рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, қалалардың рекреациялық аймақтарын, саябақтары мен аллеяларын тазарту жұмыстары жүргізілді. Аулаларды тазалау жұмыстарына өңірлер мен ұйымдардың тұрғындары барынша тартылды. Оған еріктілер, экобелсенділер, қоғам белсенділері, бизнес өкілдері қатысты. Қатысушылар саны шамамен 330 мың адамды құрады. Бұл 33 мыңнан астам волонтер, 77 мыңнан астам мемлекеттік органдардың өкілдері, 131 мыңнан астам азаматтар.
«Қалаларда да, ауылдық деңгейде де стихиялық қоқыс үйінділері мен қоқыстардың көп мөлшерін қалыптастыру - бұл тұтынудың әлсіз мәдениеті мен адамның қоршаған ортаға селқос қарауының салдары. Мәселенің себебі өзімізде. «Stop Musor» жобасы азаматтардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыруға ықпал ететініне сенімдімін! Осыған байланысты ҚЭҰҚ осы маңызды және мәнді жобаны жалғастыруда, оның негізгі идеясы қарапайым тезис болып табылады - өз қоқысыңды қоқыс жәшігіне жеткізу қиын емес», - деп атап өтті Қазақстанның Экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Соловьева.
«Stop Musor» әлеуметтік-экологиялық жобасы Қазақстанда 2020 жылдан бастап тұрмыстық қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеу, қоқыстану деңгейін төмендету және қазақстандықтар арасында ҚТҚ-ны бөлек жинауды танымал ету мақсатында іске асырылуда. Жоба осы жылы дәстүрлі түрде Дүниежүзілік тазалық күніне арналған акцияға қатысқан «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда.
Алматыда компанияның 80–нен астам қызметкері мен олардың отбасы мүшелері аса ластанған жерлері - Казачка және Аюсай өзендерінің шатқалдарында қоқысты тазалау үшін Алмарасан шатқалына аттанды. 620 кг тұрмыстық қалдықтар мен басқа да қоқыстар жиналды, олар қаптарға салынып, одан әрі кәдеге жарату үшін шығарылды.
«Біздің тауларымыздың әсемдігі әрдайым туристерді қызықтырады, бірақ, өкінішке орай, олардың барлығы қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарай бермейді және қоқыс қалдыруды жалғастыруда. Ал Алма-Арасан шатқалы – туристер арасында ең танымалдардың бірі. Біз саябақтың аумағын тазалай алғанымызға қуаныштымыз, бірақ танымал даналықты еске салғым келеді – тазаланатын жерде емес, қоқыс тасталмайтын жерде тазалық бар. «Филип Моррис Қазақстан» компаниясы өндірісте де, фабрикадан тыс жерлерде де қоршаған ортаны қорғауға үлкен көңіл бөледі. Сондықтан Қазақстанның Экологиялық ұйымдары қауымдастығымен ынтымақтастықта халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Stop Musor» жобасы іске қосылды, ал Дүниежүзілік тазалық күнінің халықаралық бастамасы компания қызметкерлерінен қолдау тауып, қатысуға ниет тудыруда» - деп түсіндірді «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС тұрақты даму жөніндегі басқарушысы Ринат Заитов.
Астанада ФМҚ қызметкерлері осы күні Президенттік саябақта қайың ағаштарын отырғызды. 250 ағаш отырғызылды, бұл компанияның өткен жылдардағы еккендерін толықтырды.
Қазақстанның Экологиялық ұйымдарының қауымдастығы Дүниежүзілік тазалық күніне арналған акциямен «Stop Musor» жобасы жұмысының үшінші жылы басталғанын, оның шеңберінде қазақстандық қалаларды таза әрі жайлы етуге, ал ел азаматтарын қоршаған ортаға қатысты неғұрлым жауапты, қамқор және эко-достық қалыпта болуға арналған жаңа эко-бастамалар іске асырылатынын атап өтті.