14 мың қой суға ағып кетті
25 Қараша, 2019 111 0

«ВВС-ге» сілтеме жасаған «ҚазАқпараттың» жазуынша, Румынияда 14 мың қой тиелген жүк кемесі аударылып қалған.
Полицейлер, өрт сөндірушілер мен әскери-теңіз флоты қойларды аман алып қалуға тырысқан.
Фото: "ВВС"
Жексенбі таңертең Тынық мұхитындағы аралда орналасқан Палау Республикасының Queen Hind жүк кемесі румындық Мидия портынан шыққаннан соң Қара теңіз жағалауында аударылып кеткен. Кемеде 22 экипаж мүшесі – Сербия азаматтары болған. Олардың бәрі аман-есен құтқарылды. Бірақ құтқарушылардың айтуынша, қойлардың көбі суға батып кеткен. Қой тиелген жүк кемесінің неліктен аударылғаны әзірге белгісіз.Дереккөз: aikyn.kz
Тегтер: кеме, қой, полиция, Тынықмұхиты

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!
Пікір қалдыру
Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.
КӨП ОҚЫЛҒАНДАР



Қазақстандықтардың орташа жалақысы 157 мың теңгеден асты – министр
11 Қыркүйек, 2018