Әлемге ықпал еткен 6 әйел

25 Қараша, 2019 227 0

Әйелдер ұзақ уақыт бойы саясатта, спортта, бизнесте және өмірдің басқа салаларында ерлермен бәсекелес болып келеді. 

Тиісінше, олар айтарлықтай жетістіктерге жетеді. Әлем халқының саны 7 миллиардтан асатыны белгілі. Тек бірнеше адам ғана қоғамның дамуына және жаһандық мәселерге әсер етеді. Біз қателіктер мен кедергілерге қарамастан, бірегейлігі мен ерік-жігерінің арқасында танымал бола алған ықпалды әйелдерді назарларыңызға ұсынамыз. Олардың есімдері бәріне жақсы таныс және олардың қызметі ел деңгейінде талқылануда. Осыған орай, қазіргі уақытта оларды ең беделді әйелдер деп атауға болады.

Изабелле душ Сантос.

Изабелле - Ангола президентінің қызы. Ол бизнеспен және түрлі жобаларға инвестиция салумен айналысады. Бүгінгі таңда ол 3,4 миллиард доллардан астам пайда тапты. Изабелле өзінің энергиясын телекоммуникациялық сектор мен банктік саланы дамытуға жұмсайды. Unitel медиа-холдингінің иелігінде ол Португалия, Испания және басқа елдерге жиі қаржы салады.

Хиллари Клинтон

Ол саяси аренаға ел президентінің әйелі болған кезде келді. 2016 жылы өзі Демократиялық партияның атынан мемлекет басшысы лауазымына үміткер болды. Шеберлігі арқылы өзіне деген жанашырлықты оятты. Хиллари өзіне адал болмаған күйеуінің жағдайына қарамастан халықтың көңілін тапты. Ол келеңсіз кездері қоғамға төтеп беріп, жағдайды өз пайдасына өзгертті.

Ларри Бузакка

Әйгілі американдық әнші «Бейонсе» бүркеншік атпен өнер көрсетеді. Оның концерттері толық залдарда өтеді, ал музыкалық альбомдар миллиондаған тиражбен сатылады. Әнші Грэмми Аведс сыйлығына арналған конкурстарға жиі қатысады. Көбіне өзі жеңіп алды. Бейонсе - белсенді қоғам қайраткері. Ол аштық, кедейлік, қоршаған ортаның ластануы, дәрі-дәрмектердің қол жетімділігі мәселелерімен айналысады. Әлем елдеріндегі балалар мен әйелдердің құқығын қорғауға күш салады.

Джинни Рометти

Вирджиния Рометти - IBM компаниясының бас директоры. 2014 жылы ол дивидендтер төлемеген және үнемделген ақшаны жаңа арнайы жобаларға жұмсады, соның арқасында 2018 жылы кірісін екі есеге арттырды. Сонымен қатар, оның компаниясы құрылғылар өндірісін азайтып, ғылыми зерттеулер мен жаңа технологияларға қаражат көбейтуде.

Опра Уинфри

Опра Америкадағы жалғыз қара нәсілді миллиардер әйел. Оның байлығы 3 миллиард доллардан асады. Уинфри ойын-сауық бағдарламасының жетекші кәсіпкері ретінде танымал. Ол қайырымдылық жұмыстарымен де айналысады. Табылған капитал Опра акцияларды инвестициялайды, бағалы қағаздарды бағалауға әсер ететін ірі келісімдер жасайды.

Дилма Руссефф

Бразилия президенті болған алғашқы әйел. Оның елге сіңірген еңбегі - кедейлікті толығымен жою және мұқтаж отбасыларға көмек көрсету. Бірақ 2016 жылдың тамызында ол импичменттің салдарынан қызметтен босатылды. Оған сыбайлас жемқорлық схемалары мен өз сайлау науқанына мемлекеттік қаражатты заңсыз жұмсады деген айып тағылған еді.

Аударған: Динар Нахыпбек





Тегтер: әлем, әйелдер, саясат, бизнес, спорт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.