Жаңалықтар

Олимпиада чемпиондары, медицина студенттері мен ДДҰ өкілдері Астанада марафонға қатысты

Олимпиада чемпиондары, медицина студенттері мен ДДҰ өкілдері Астанада марафонға қатысты

Елордалық медициналық оқу орны биыл жыл сайынғы дәстүрді өзгертіп, студенттерді қабылдау шарасын ашық аспан астында, көрікті Ботаникалық бақта салауатты өмір салтын насихаттау форматында өткізді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Қызыққа толы шара ортада желбіреген Қазақстанның Мемлекеттік Туы мен оған қатысқан ұйымдардың туларын көтерген патриоттық флешмобпен басталды.

 width= Шараның алғысөзін алған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан  Есмағанбетова бірінші курс студенттеріне жылы лебізін білдірді.

"Салауатты өмір салтына ерекше көңіл бөлінді, спорттық-бұқаралық іс-шаралар біздің азаматтар үшін қалыпты жағдайға айналғаны қуантады.  Спорттық  форматта ұйымдастырылған студенттік шара - бәріміз үшін тамаша үлгі,  спортпен, дене шынықтырумен айналысуға арналған жақсы насихат»- деді вице-министр ханым.    

 width=Астана медицина университетінің ректоры Камалжан Надыров студенттерге арнаған құттықтау сөзінде медицина адам денсаулығының мықты болуына тек 10-15% - ға ғана әсер ететінін, денсаулықтың жақсылығы адамның өмір салтына байланысты екенін атап өтті. 

"Жас ұрпаққа жаңа, заманауи әлемді - жаңа Қазақстанды құрудың керемет мүмкіндігі туды, бұған сіздердің мүмкіндіктеріңіз жетеді, себебі сіздер – ақылды, мықты, батыл, жаңашылсыздар. Бүгіннен бастап Сіздер Астана медицина университеті деп аталатын үлкен және тату шаңырақтың астына жиналдыңыздар. Студенттік шақты жарқын әрі пайдалы өткізуге тырысыңыздар, университет өміріне белсенді қатысып, білімдеріңізді жетілдіріңіздер", - деді ол студенттеріне.

 width= Іс-шараға Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры доктор Ханс Клюге қатысты.

Сонымен қатар, бастамаға қатысқан атақты боксшы, Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Данияр Елеусінов, ауыр атлет, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин және қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер Айтым Жақыпов та жастарға жастарға жалынды сөз арнап, оларды спортқа бет бұруды насихаттады.

 width=

 width= Медицина университеттің жастары салауатты өмір салты - жақсы көңіл-күйдің басты факторы екенін сезінді. Қонақтар мен спортсүйер студенттер "MUA-RUN-2022" марафонында мәреден көрінді.  width=

Сонымен қатар, студенттер асық ату, арқан тартысты және гір көтеру сияқты ұлттық спорт ойындарынан бақ сынасты. Ұлттық ойындардан озған ұландар ректор мен чемпиондардың қолынан марапаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

Студенттер қатарына қабылдау "Open AIR" форматындағы жарқын концерттік бағдарламамен аяқталды.

 width=

 width=

АстМУ баспасөз қызметі

8 701-912-73-54, 8 707-82-70-70