Жаңалықтар

Шеркештер арасында жалғыз жүрген Татар

Шеркештер арасында жалғыз жүрген Татар

Кайрат Лама Шариф шеркештер арасында жалғыз жүрген Татар туралы тарихи мәліметтерді баяндады, деп newsroom.kz жазады.

1421 жылдың 29 тамызында сәби әл-Мұзаффар Ахмедті «билік басынан алып тастағаннан кейін» Шам еліндегі шеркештердің әскери күштерінің Атабегі Сейфуддин Татар өзін Шейх әл-Муаид әл-Махмудидің ұлы әл-Мұзаффар Ахмедтің өкіл әкесімін деп атап, жесір қалған әл-Мұзаффар Ахмедтің анасы Сағидатқа үйленіп, Шеркеш Сұлтанатының Билеушісі аз-Захир Әбул Фатх Татар аз-Захиримін деп жариялайды. «Білекті мыңды жығатын» заманда ешкім де 55 жастағы Сейфуддин Татарға қарсы келе алмайды. Дей тұрғанмен, үш айдан кейін шеркештер жасырын күш жинап, 1421 жылдың 30 қарашасында бұратана Сейфуддин Татарға қастандық жасап өлтіреді.

Алайда, Шам еліндегі әскери мәмлүктер ерегесіп, кезінде Атабек болған Сейфуддин Татардың он жасар ұлы ас-Салех Мұхаммед бен Татарды әкесінің орнына қояды. Байғұс бала ас-Салех Мұхаммед бен Татар да төрт айдан кейін, яғни 1422 жылдың 31 наурызында тақтан түсіріліп, жауыздардың қолынан қаза табады.

«Болмайтын істің басында болма, бітпейтін даудың қасында болма» дейді қазақ атам.