Жаңалықтар

Кукушкин «Дэвис кубогындағы» 50-ші ойынын өткізді

Шотландияның Глазго қаласында Дэвис кубогының топтық бәсекесі өтуде, деп newsroom.kz хабарлайды.

Бүгін Қазақстан құрамасы АҚШ теннисшілерімен ойнады. Осы ойында Михаил Кукушкин «Дэвис кубогындағы» мерейтойлық 50-ші кездесуін өткізді.

Қазақстандық теннисшінің бұл көрсеткіші екінші нәтиже болып есептеледі. Теннистен ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген Алексей Кедрюк. Оның еншісінде 100 кездесу.

Айта кетейік, Кукушкин 50-шы кездесуінде екі сетте АҚШ теннисшісі Томми Паульге 1:6, 4:6 есебімен жеңілді.