Жаңалықтар

Армения Ресей-ден көмек сұрауда

Армения Ресей-ден көмек сұрауда

Армения Әзірбайжанмен шекарадағы жағдайға байланысты Ресей мен ҰҚШҰ-дан көмек сұрауға шешім қабылдады, деп newsroom.kz хабарлайды.

Қабылданған шешім туралы Никол Пашинян АҚШ Мемлекеттік хатшысына да хабарлады.

Арменияда премьер-министрі Никола Пашинянның басшылығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, оған ел Президенті Ваагн Хачатурян және Ұлттық жиналыс төрағасы Ален Симонян қатысты, деп хабарланды Армения Үкіметінің Facebook-тегі парақшасында.

Армения Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Әзірбайжан Қарулы Күштерінің бөлімшелері 13 қыркүйекке қараған түні Сотка, Варденис, Горис, Капан, Артаниш, Ишханасар бағытында артиллерия мен ірі калибрлі қарулардан армян позицияларын қарқынды атуды бастады. Армян жағында өлгендер мен жаралылар бар. Отырыста "Әзірбайжанның Арменияның Егемен аумағына қатысты агрессивті әрекеттеріне қарсы тұруға бағытталған" келесі қадамдар талқыланды.