Атырауда көлік терезесін қараңғылағандар сазайын тартты
Атырауда көлік терезесін қараңғылағандар сазайын тартты
Атыраулық полицейлер көлік терезесін тұмшалап алғандарды тексеруге кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24» сілтеме жасаған newsroom.kz.
Жылда жазғы маусым басталысымен көлік иелері темір тұлпарларын осылай жарақтандырады. Ол ережеге қайшы. Өткен үш күнде жол полициясы қызметкерлері осындай 24 автокөлікті анықтап, иелерін жауапкершілікке тартты. Рейдтік шара барысында жол қозғалысы кезінде ұялы телефон пайдаланған 11 жүргізуші де жазаға тартылды.
"Қараңғылаған көлік терезесі көп жағдайда жол көлік оқиғасына себеп болып жатады. Себебі жүргізуші жан-жағын көре алмайды. Осыған орай Атырау полициясы патрульдік қызметкерлері терезелері белгіленген нормаға сай емес жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартуда", - деді облыстық ПД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.