Тоқаев президент өкілеті туралы түзетулерге қол қойды
Тоқаев президент өкілеті туралы түзетулерге қол қойды
Қасым-Томарт Тоқаев төтенше жағдай мәселелері бойынша Заңға өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Newroom тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Ақорда сайтындағы ақпарат бойынша, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұған дейін тиісті заң жобасын Сенатта қабылданған болатын. Ол төтенше жағдай кезінде Президент өкілетін кеңейтеді.
Заң қабылданғаннан кейін билік төтенше жағдай кезінде жеңілдетілген тәртіппен шешім қабылдай алады.