Тексеру нәтижесі: Ақтаудағы №6 мектепте қандала табылған жоқ

22 Қараша, 2019 179 0

Ақтау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қазанның 23 мен 31 аралығында №6 орта мектебінде қандалаға байланысты тексеру жүргізген. 

Тексеру нәтижесінде қандала табылмаған. Бұл туралы Маңғыстау облысы «Өңірлік Коммуникациялар Қызметі» алаңында болған брифинг барысында айтылды.  

№6 орта мектепте 1633 оқушы оқиды, олар негізінен шалғай аудандардан қатынап оқушылар. Биыл 1640 оқушы педикулезге қаралған, нәтижесінде 18 балада педикулез анықталыпты.Ал, қандала туралы жайтқа келер болсақ, тұрғындар тарапынан тікелей шағым келіп түспеген.

Естеріңізге сала кетейік,  Ақтау қаласындағы №6 мектептің оқушылары кітабының арасынан қандала табылғаны туралы ақпарат бұған дейін де айтылған болатын.

Тегтер: Ақтау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.