ІІМ: мерзімі өтіп кеткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды деп танылады

 ІІМ: мерзімі өтіп кеткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды деп танылады

ашық дереккөзі

 width=   Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 26 наурыздан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды және бірқатар мемлекеттік қызмет, атап айтқанда жеке басты куәландыратын құжаттарды қайта рәсімдеу бойынша қызметтер көрсетілмеді. Сондықтан ҚР Үкіметі азаматтардың кейбір құжаттарын жарамды деп тану туралы қаулы қабылдады: 1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» ҚР Заңының 6-бабында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттар; 2) жүргізуші куәліктері, оның ішінде уақытша, міндетті техникалық тексерістен өткендігі туралы куәліктер; 3) азаматтық және қызметтік қарулар мен олардың патрондарын алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар; 4) визалар, Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар, еңбек иммигрантына және жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар. Төтенше жағдай кезінде жарамдылық мерзімі өткен жоғарыда аталған құжаттар күші жойылған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде, яғни 10 шілдеге дейін жарамды деп танылады.

Жүктелуде...