Жаңалықтар

Түркістан: Келес ауданында екі мектеп пайдалануға берілді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысының Келес ауданында бір күнде 2 мектеп пайдалануға берілді, деп newsroom.kz хабарлайды. Біреуі — Ақтөбе ауылдық округінің Ынтымақ ауылында, екіншісі – Қошқарата ауылдық округінің Жамбыл елді мекенінде. Екеуі де 300 орынға лайықталған, замануи үлгіде салынған.

Жаңа оқу жылын жаңа білім ошағында бастаған Ынтмақтық оқушылардың қуанышында шек жоқ. Мұнда спорт зал, асхана және қажетті құралдармен жабдықталған пәндік кабинеттер бар. Жаңа типтік мектептің жалпы алаңы 3025 шаршы метрді құрайды. Мектеп ғимараты 3 қабатан тұрады. Бүгін аталған білім ошағының ашылу салтанаты өтіп, Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев арнайы қатысты. Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. Аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, ата-аналар тарапынан Түгелбаев Қаңқабай сөз сөйледі. «Қымбатты оқушылар, ата- аналар, Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймын! Биыл Келес ауданы көлемінде 2 мектептің құрылысы бітіп, пайдалануға берілуде. Алдағы уақытта 9 мектептің ғимаратын салу жоспарланып отыр. Бүгін біздің ауданда 63 мектепте өздеріңіздей оқушылар осындай «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысып жатыр. Ұстаздар қауымын Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қиындығы мол еңбекте тың табыстарға қол жеткізулеріңізге тілектеспін», деді өз құттықтауында Ақментай Үсенұлы. Қошқарата ауылдық округінің Жамбыл елді мекеніндегі оқушылар жаңа оқу жылын жаңа мектепте қарсы алды. 2019 жылы құрылысы басталған білім ғимаратының құрылысы аяқталып, ел игілігіне табысталды. Салтанатты шараға қатысқан Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев оқушылар мен ұстаздарды мерекемен құттықтап, жаңа ғимараттың лентасын қиды. Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы орта білім беретін 910 (10 жеке меншік) ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 97 бастауыш, 57 негізгі, 756 орта мектеп. 78 қалада, 832-ауылдық елді мекендерде орналасқан. 1) Бастауыш мектеп – Бастауыш білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 2) негізгі орта мектеп – бастауыш және негізгі орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 3) жалпы білім беретін мектеп - Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; Мектептің негізгі міндеттері: 1) құзыретті тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау; 2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген базистік ғылым негіздерін алуын қамтамасыз ету; 3) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру; 4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу; 5) Белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; 6) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу. Сонымен қатар, Облыста 2020 жылғы наурыз айының 20 жұлдызына дейін 1447 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасады. Оның: 1271 балабақша (273-мемлекеттік, 998-жекеменшік), 176 мемлекеттік шағын орталық. Онда 1-6 жастағы 153296 (96,0%) бала тәрбиеленуде, оның ішінде 3-6 жастағы 119834 бала қамтылып, ол 99,8% құрады. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдардың үлесінің 69,0 % жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар құрайды. Балабақша кезегінде 1-6 жас бала саны –8159 оның ішінде 3-6 жас аралығындағы кезектегі бала саны- 380). Облыс әкімінің 2020 жылғы 18 наурыздағы Түркістан облысының аумағында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссия отырысының №2 хаттамалық тапсырмасының 5-тармағына сай меншік нысанына карамастан (мемлекеттік, жекеменшік) мектепке дейінгі ұйымдар а.ж.20 наурызынан бастап уақытша жумыстарын тоқтатты. Мектепке дейінгі ұымдардағы қызметкерлердің еңбек жалақысы сақтала отырып, үйлерінде, өз өтініштері бойынша кезекті еңбек демалысында, тәрбиешілер (ватсап, телефон ) арқылы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ата-ананың келісімімен тапсырмалар беріп, қашықтықтан ата-аналармен тығыз байланыста. Мекемелерде тек басшылары, шаруашылық меңгерушісі, бухгалтерлері және қарауылдары кезекшілік етуде. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі