Ақтоты Райымқұлова ЮНЕСКО аясындағы мәдениет министрлерінің форумына қатысты

21 Қараша, 2019 169 0

19 қарашада Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ЮНЕСКО-ның атқарушы директоры Одрэ Азуленің шақыруымен мәдениет министрлерінің форумына қатысты. Париждегі ұйымның штаб-пәтерінде өтіп жатқан іс-шараға 150 мемлекеттің министрі жиналды.

«Қоғамдық мәдениет әлеуметтік және қала өзгерісінің қозғаушы күші» атты сессияға қатысқан министр еліміздегі мәдениет саласының маңызды бағыттары мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Президент Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы аясындағы аталған сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Сонымен қатар, Ақтоты Рахметоллақызы елімізде БҰҰ-ның тұжырымдамасына сай туризмді дамыту, рухани құндылықтарды насихаттау және тарихи ескерткіштерді қорғау бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар туралы айтты.

Сөз соңында Ақтоты Райымқұлова ЮНЕСКО-ға мүше елдерді ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен «Екінші ұстаз» атанған әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында өтетін мәдени, ғылыми-танымдық іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.

ЮНЕСКО атқарушы директоры Одрэ Азулемен кездесу барысында министр Қазақстан мен ұйым арасындағы мәдениет және спорт саласындағы маңызды мәселелер мен әріптестік ретін талқылады. Келіссөз барысында жақында ғана Алматыда құрылатын Халықаралық мәдени байланыстар орталығының алғашқы жобасы мен Түркістан қаласының даму жоспарымен бөлісті. Министр түркі әлемінің орталығы саналатын Түркістанды дамыту мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қорғау ең жоғары халықаралық талаптарға сай жүргізілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, Ақтоты Райымқұлова форум аясында өткізілген бірнеше іс-шараға қатысты. Соның ішінде министрдің қатысуымен өткен «Индиго бояуының ізімен» атты халықаралық көрмеде Айжан Бекқұлова мен Тамара Кәпқызының киіз басу өнері кеңінен таныстырылды.

Тегтер: АқтотыРайымқұлова, ЮНЕСКО, форум

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.