Жаңалықтар

Түркістан: Сауран ауданында 3 жаңа мектеп ашылды

Түркістан: Сауран ауданында 3 жаңа мектеп ашылды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан облысы, Сауран ауданында заманауи үлгідегі үш жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп newsroom.kz хабарлайды. Бүгін 400 оқушыға арналған «Жаңа Иқан» мектебі мен 400 орындық «Дарын KZ» мектебінің және 200 орындық «Дара бала» бастауыш мектеп- балабақшасының ашылу салтанаты өтті. Жаңа Иқандағы жаңа мектептердің физика, химия, информатика, биология кабинеттері соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған. «Жаңа Иқан» мектебіне 400-ге жуық оқушы қабылданып, 50-ге жуық ұстаз, 10 кіші қызметкер жұмыспен қамтылды. Ал «Дарын KZ» мектебінің алғашқы оқушылары болып 250-ден астам оқушы қабылданып, 40-қа жуық ұстаз бен 10 кіші қызметкер жұмысқа қабылданды. Жаңа Иқандағы қос мектептің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Ғани Құрмашұлы бұл екі ірі мектептен білімді де дарынды ұрпақ тәрбиеленіп шығатынына сенім білдіретінін жеткізді.
«Жаңа ауданымызды дамыту үшін әр салада тынымсыз еңбек етіп келеміз. Білім саласында да игі істер атқарылып, аудан құрылғалы бері бірнеше жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар ауданымыздағы көптеген мектептің атауы өзгеріп, ұлт зиялыларының, батырлар мен билердің есімі берілді. Жаңа Иқанда да қос бірдей үлкен мектеп ашылып, халықтың қуанышы еселене түсті. Жаңа мектептен елімізді жаңа деңгейге көтеретін білімді де ұлтжанды ұрпақ тәрбиеленіп шығатынына сенімдімін», деді аудан әкімі.
Шорнақ ауылдық округінде ашылған «Дара бала» бастауыш мектеп- балабақшасында қазақ, орыс сыныптары, ұзартылған күн тобы, сонымен қатар балаларды түрлі өнерге баулитын домбыра, шахмат, би, т.б үйірмелер бар. Болашақта робототехника үйірмесін жетілдіру де жоспарлануда. Сондай-ақ балаларды тасымалдайтын арнайы көлік те қарастырылған. Айта кетейік, облыста жалпы білім беретін 1007 мектеп, 22 кәсіптік-техникалық мектеп, 36 колледж, 115 мектепке дейінгі мекеме бар (2004). М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, М.Сапарбаев атынд. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, Қожа Ахмет Иасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетті және бірнеше мемлекеттік емес жоғарұы оқу орындары студенттерге білім беруде. Облыста 931 мемлекеттік медицина ұйым, оның ішінде 542 фельдштік-акушерлік пункт, 131 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 60 ауылдық телімдік аурухана, 12 орталық аудандық және 5 аудандық аурухана, санспединстанция-эпидемиологиялық станция жұмыс істейді. Қарт адамдарға арнап “Ардагерлер үйі”, балаларға “Тау самалы” оқыту-сауықтыру орталық ашылған. Облыс аумағында елімізге белгілі Сарыағаш минералды суына негізделіп ашылған “Сарыағаш” шипажайы, “Арман” санаторийі, “Манкент” санаторий-профилакторийі, т.б. “Шымған”, “Денсаулық”, “Мейірім” сауықтыру орталықтары бар. 365 кітапхана, 9 музей, 6 кинотеатр, 6 театр (3 драма, 2 сазды, 1 қуыршақ), хайуанаттар саябағы, 366 мәдени-демалыс, 2865 спорт-сауықтыру мекемесі жұмыс істейді. Облыстық “Оңтүстік Қазақстан”, “Южный Казахстан”, “Жанубий Қозоғистон” газеттері қазақ, орыс, өзбек тілдерінде шығады. Облыс аумағында Ұлы Жібек жолы өткен көне қалалар (Исфиджаб, Иасы, Сауран, Отырар, т.б.) мен қорғандар болған. 802 тарихи және мәдени ескерткіш, оның ішінде 582 археологиялық, 42 тарихи, 11 монументтік өнер ескерткіштері; дүние жүзіне белгілі қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Бәйдібек ата кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Қарабатыр кесенесі (Бәйдібек ауданы), Арыстан баб кесенесі (Отырар ауданы), Баб ата күмбезі, Қарабура әулие кесенесі (Созақ ауданы), Қарашаш ана күмбезі, Ибраһим ата күмбезі, Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесі мен мұражайы (Ордабасы ауданы) бар. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі