Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Автокөлікке арналған 5G желісі

Автокөлікке арналған 5G желісі

Автокөлікке арналған 5G желісі
ашық дереккөзі
Қытайлық Huawei компаниясы 5G байланыс желісіне арналған құрылғылар жасайтын әлемдік деңгейдегі үздік өндірушілердің бірі. Сол себепті жаңа «5G автокөлік экожүйесін» әзірлеу уақыт еншісіндегі мәселе еді. Аса ауқымды жобаны жүзеге асыруға елдегі FAW Group, Changan Automobile, Dongfeng Group, SAIC Group, BYD, Great Wall Motor сынды алпауыттар қатысты.  width=  width= ⠀ Көлік өндірісіне 5G форматын енгізу, темір тұлпарлардың өзара жылдам ақпарат алмасып, спутник секілді инфрақұрылым объектілерінен мәлімет алуына жағдай жасайды. Өткен жылы Huawei бесінші деңгейлі байланыс желісіне компания әзірлеген модем арқылы қосылған автокөліктерге арналған алғашқы 5G-модульді таныстырды.  width=⠀ Біраз уақыт бұрын Geely фирмасының жер төңірегіндегі орбитаға, көліктің тұрған орынын асқан дәлдікпен көрсетілуін қамтамасыз ететін мыңдаған микроспутниктен тұратын топтама жібергені туралы ақпарат тараған. Егер Huawei мен Geely-дің жоспары іске асса, Қытай автокөлікті компьютерлеу мен дербестік деңгейін арттыру саласында көш бастауы мүмкін. Сілтеме