Жаңалықтар

Қазақстанда 16 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

16 – 28 мамыр аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу width=

    16 мамырға жоспарланған шаралар 12.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Айсұлу Үсентаевадан "Гобелен" шеберлік сағаты (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында). 18 мамырға жоспарланған шаралар 20.00 - "Астана Балет" театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Бұл жолғы қонақ – театр хореографы Рикардо Амаранте. Дәрісті "Астана Балет" театрының Youtube-каналынан көруге болады. 21.00 – Онлайн режимде "Музейдегі түн". Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі жыл сайын 18 мамырда, Халықаралық музей күні, мерекелік акция өткізеді. Биыл карантинге қарамастан қазақстандықтарды мазмұнды бағдарлама күтіп тұр: бейнеэкскурсиялар, виртуалды вернисаж, бейнеконцерттер. Трансляция музейдің Facebook-тегі парақшасында жүргізіледі және 19 мамыр 02.00-ге дейін жалғасады. 21 мамырға жоспарланған шаралар 17.00 – Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры сахналайтын "Анна Каренина" спектаклінің трансляциясы. 27 мамырға жоспарланған шаралар 15.00 – Орталық коммунациялар қызметінде энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде энергетика министрлігінің интернет-ресурсында, Facebook, Youtube желілеріндегі ресми аккаунттарында және "Хабар 24" телеарнасында трансляцияланады. Министрге мына нөмірлер арқылы сұрақ қоюға болады: 8(7172) 786862, 786958, 786884, 786887, 786886 немесе a.tazabekova@energo.gov.kz поштасы арқылы. БАҚ өкілдері өз сауалдарын zh.khamitkyzy@energo.gov.kz поштасына жолдауы тиіс. 28 мамырға жоспарланған шаралар 20.00 – "Астана Балет" театрының On Stage/Online жобасы.Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Шығарылым қонағы – театрдың жетекші солисі Фархад Буриев "Вальпургиев түні" бір актілі балетіндегі көркем образдар туралы айтады. Дәрісті "Астана Балет" театрының Youtube-каналынан қарауға болады. Сілтеме