Көлікті мас күйінде басқарғандар жүргізуші куәлігінен 8 жылға айырылады

20 Қараша, 2019 226 0

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов көлікті мас күйінде басқарып, адамды мерт қылғандарды 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынып отырмыз. Қазір мас болсын, сау болсын адамды машинамен қағып өлтіріп алса, жаза бірдей, ары кетсе бес жыл. Енді мас күйінде жасалған осындай қылмыс он жылға бас бостандығынан айырып, өмірбойы көлік құралдарынан басқару құқығынан айырылады», - деді М. Ахметжанов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында. 

Оның сөзіне қарағанда, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне мас күйінде көлік айдағаны үшін 30 тәулікке дейін әкімшілік қамау мерзімі ұзартылып, жүргізу құқығынан айыру мерзімі сегіз жылға ұлғаяды. 

Айта кетейік, бүгін жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқылап, бірінші оқылымда мақұлдады.



Тегтер: жүргізуші, куәлік, мас, жаза, көлік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.