Жаңалықтар

TikTok қосымшасына балалардың құқығын бұзды деген айып тағылды

TikTok қосымшасына балалардың құқығын бұзды деген айып тағылды

АҚШ-тың Сауда жөніндегі федералдық комиссиясына TikTok-ке шағым түсті. Компанияға Америка Құрама Штаттарының балаларды қорғау туралы заңын бұзды деген айып тағылды, - деп хабарлайды Reuters.  width=   2019 жылы TikTok 13 жасқа дейінгі балалардың барлық видеосын өшіруге міндетті болған екен. Алайда, платформа мұны жасамаған.  
"Біз TikTok-ке әлі күнге дейін 13 жасқа толмаған көп тұрақты қолдаланушылардың тіркелгенін анықтадық, олардың басым бөлісі видеосын бірнеше жыл бұрын жариялаған", - делінген шағымда.
Федералдық сауда комиссиясы компания балалардың арасында танымалдығын білетінін, бірақ олардың жеке ақпаратын өңдеуге ата-аналар келісімі жоқ екенін атап өтті. 2019 жылы TikTok 5,7 миллион доллар айыппұл төлеген болатын.
"Балалар қосымшаға оңай тіркеле алады. Бұл - құқықты қорғау туралы заңға қайшы. Өйткені компания олардың мәліметтерін жарнама берушілер үшін пайдаланады. Қосымшаны жүктеген кезде көрсетілетін жас шектеулерін оңай айналып өтуге болады", - дейді белсенділер.
TikTok баспасөз қызметі құпия мәліметке жауапкершілікпен қарайтынын және "өз қолдаланушылары үшін қауіпсіз әрі қызық қауымдастық" болып қалуға ұмтылатынын атап өтті.