ҚР БҒМ Таразда зорланған қызға қатысты пікір білдірді

19 Қараша, 2019 344 0

        Білім және ғылым министрлігі Тараз қаласында қайғылы жағдайға тап болған қызға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Newsroom.kz порталы.

        Қазіргі таңда аталған факт бойынша құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Бұл туралы министрдің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. 

        "Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету білім беру ұйымының тікелей міндеті болып табылады. Мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика пәні мұғалімі және вахтер білім беру саласындағы жергілікті уәкілетті органның шешімі бойынша қызметтерінен босатылды", - делінген жазбада.
       Министрлік өкілінің айтуынша, Жамбыл облысының білім басқармасы зардап шеккен оқушыға психологиялық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қабылдап, үйде жеке оқытуын ұйымдастырып жатыр.
        "Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау шеңберінде Бас прокуратура мемлекеттік органдармен бірлесіп қолданыстағы заңнамаға әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде өзгерістер әзірлеп, енгізгенін хабарлаймыз", дейді кеңесші.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.