Жаңалықтар

Түркістанда «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр

Түркістанда «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр

«Қазгидромет» мекемесінің мәліметіне сәйкес Түркістан облысы мен облыс орталығы – Түркістан қаласында атмосфералық ауаның ластануы 65%-ға төмендеген, деп newsroom.kz хабарлайды. Бұл – 4 жылда жасалған ауқымды жұмыстың нәтижесі. Көгалдандыру, газдандыру, күннен қуат алатын электр станцияларының көбеюі мен өңірдегі орман алқабының артуы нәтижесінде Түркістан облысында жалпы экологиялық ахуалдың жақсарғаны ғылыми түрде дәлелденді. Өңірде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында «Таза Қазақстан», «Үнемді Қазақстан», «Табиғат» және «Экология болашағы» секілді 4 бағытта жұмыстар атқарылуда. Ауқымды жұмыс нәтижесі Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында баяндалды. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Қайрат Әбдуәлиевтің баяндауынша, атмосфералық ауа сапасын жақсарту мақсатында жоспарға сәйкес, 5 жыл көлемінде 1000 гектар жерге 1,1 млн. ағаш көшеттері отырғызылады. Облыста 831 елді мекеннің 55%-ға жуығы табиғи газбен қамтамасыз етілсе, жыл соңымен 9 нысанның құрылысы аяқталып, 467 елді мекенге табиғи газ қосу жоспарлануда. Қатты тұрмыстық қалдықтарын жинап, қайта өңдеуге күш салынған. Облыс аумағында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Республикадағы суармалы жерлердің 3/1 бөлігі облысқа тиеселі немесе 548,2 мың гектарды құрайды. Өткен жылы 100 шақырымға жуық канал күрделі және ағымдағы жөндеуден өткен. Жетісай, Мақтаарал аудандарында 175 қашыртқы, 9 су нысаны жөнделіп, механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, 45,1 мың гектар жердің мелиоративтік жағдайы жақсарды. Түркістан қаласында ағын су тапшылығын шешу үшін ірі су нысандарының құрылыстары жүргізіліп, қосымша 248,8 млн. м3 ағын су жеткізіледі. «Түркістан магистралды каналында күрделі жөндеу» жобасы бойынша 58 шақырым канал бетондалып, 60 млн. м3 су үнемделетін болады. «Кеңсай - Қосқорған - 2» су қоймасы, «Шаға» жағажайы, Ескек есу каналы пайдалануға беріліп, 31млн. м3 ағын су жеткізіледі. «Сырдария өзенінен машиналық арна салу», «Сарқырама» су қоймасы салу жобалары әзірленуде. Бұл жобалар арқылы Түркістан қаласы кепілді ағын сумен толық қамтамасыз етіледі. Айта кетейік, Көксарай контрреттегіші Шардара су қоймасы арқылы су тасқынын апатсыз өткізумен ұштастыра отырып, тасқын суларды шоғырландыру және жағалау аумақтары мен елді мекендерде су басудан болатын залалды азайту үшін салынған. 3 км3 контрреттегіштің сыйымдылығы жоғары су тасқынының 0,1% және 1% қамтамасыз етілуінің бір бөлігін қабылдайды. Су тасқынына қарсы Көксарай контрреттегішінің жұмыс режимі «Казгипроводхоз Институты» ӨК әзірлеген құрылыстарды пайдалану қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар) сәйкес жасалады. Контрреттегішті сумен толтыру қаңтар-наурызда жүзеге асырылады. Суы өте көп жылдары (1% - дан және одан аз қамтамасыз етілуімен) сыйымдылықты толтыру 380 м3/с жеткізу арнасында ең жоғары шығыстармен 3 км3 көлеміне дейін жүргізіледі. Сулылығы аз жылдары сыйымдылықты толтыру 130 м3/с жеткізу арнасында ең жоғары шығыстармен 1 км3 дейін жүргізіледі, бұл ретте ағызу арнасында су шығыстарымен мамыр айында 342 м3/сек жүзеге асыру қажет, бұл су бетінен ысырапты азайту және су басқан алқаптарды терең су жайылмалары ретінде пайдалану үшін қажет. Осылайша, Көксарай контрреттегіші суды ұзақ орналастыруға арналған су қоймасы болып табылмайды және Сырдария өзені бассейніндегі болжамды және нақты сулылыққа байланысты өзіне қандай да бір функцияларды ала отырып, маусымдық реттеуді жүзеге асырады. Осыған байланысты жазғы кезеңде Көксарай контрреттегішіне су алуды жүзеге асыру оны пайдалану қағидаларына сәйкес келмейді. Ағымдағы жылы Көксарай су реттегішіне су жинау 16 наурызда басталды, 11 сәуірге дейін 822 млн.м3 су жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1086 млн. м3 аз (2021 ж. – 1907,35 млн. м3). Көксарайдан су жіберу ағымдағы жылғы 11 сәуір мен 29 мамыр аралығында жүзеге асырылды, бүгінгі күні контрреттегішке су көлемі – 24,4 млн.м3 құрайды. Шардара су қоймасына вегетацияаралық кезеңде (қазан-наурыз) ағымның төмен болуына байланысты ағымдағы жылы Көксарай су реттегішін толтыру күтілмегенін атап өткен жөн. Өткен вегетация аралық кезеңде Шардара су қоймасына ағын 8 млрд.272 млн. м3 құрады, бұл болжамды кестеден 2 млрд. 69 млн. м3 аз (10 млрд. 341 млн. м3). Осыған байланысты, ақпан айында вегетациялық кезеңге дайындық жұмыстары шеңберінде Министрлік Түркістан және Қызылорда облыстарында ЖАО, су шаруашылығы ұйымдары мен АШТӨ өкілдерінің қатысуымен көшпелі кеңестер өткізді, онда қалыптасқан су шаруашылығы жағдайы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді және тараптардың іс-әрекеттері айқындалды. Сонымен қатар, бұл мәселе Үкімет отырыстарында талқыланып, Министрлік Түркістан облысының әкімдігіне Көксарай контрреттегішінің айналасындағы дақылдарды алып тастауды ұсынды. Бұдан басқа, жеткізу және бұру арнасында, сондай-ақ контрреттегіш тостағанның өзінде пайдалану қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суаруға су алуға жол берілмейді. Сонымен қатар, а.ж. 12-29 наурыз аралығында Сырдария өзені бассейнінде қатты жауын-шашын болған, соның нәтижесінде осы кезеңде Шардара су қоймасына шамамен 1,5 млрд. м3 су келіп түскен, бұл оны 5 млрд. м3 дейін толтыруға, Қызылқұм каналына су алуды 160 м3/сек дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді (осы уақыт аралығында сұратуға сәйкес 9 күн), Көксарай су реттегішіне су жинауды бастау және төменгі ағысқа су жіберуді ұлғайту, бұл жаппай вегетация басталар алдында өзен арнасын толтыруға және Арал-Сырдария бассейнінің экожүйесін жақсартуға мүмкіндік берді. 27 сәуірде Түркістан қаласында Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының отырысы шеңберінде Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының болжамды жұмыс режимі келісілді, оған сәйкес Шардара су қоймасына вегетациялық кезеңдегі ағын 3 млрд.900 млн. м3 құрауы тиіс, ол вегетациялық кезеңнен елеулі шығынсыз өтуге мүмкіндік береді. Мәселен, болжамды кестеге сәйкес Шардара су қоймасына сәуір-шілде айларында су ағыны 3100 млн.м3 құрайды, бұл ретте 13 шілдедегі жағдай бойынша су ағыны 3345 млн. м3 құрады. МҮСК болжамын ескере отырып, Министрлік Шардара су қоймасының ағымдағы жылдың вегетациялық кезеңіне арналған болжамды жұмыс кестесін есептеді. Есептеулерге сәйкес, шілде – қыркүйек кезеңінде су қоймасына құйылу МҮСК болжамынан төмен болған кезде, вегетациялық кезеңнің соңына қарай Шардара су қоймасының көлемі 1,009 млрд. м3 құрайды, бұл ретте есептеулерде Қызылқұм каналына 309 млн. м3 көлемінде су алу және Жетісай ауданына машина каналы бойынша 41 млн. м3 көлемінде су беру ескерілді. Осылайша, есептеулер бойынша, ағымдағы жылы су қоймасы 0,98 млрд.м3 өлі көлемге дейін іске қосылмайды. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі