Жаңалықтар

Партиялық бақылау нәтижесінде аяқталмаған құрылыс нысандары анықталды

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында Сайрам ауданында жаңа 2 мектептің құрылысы мен 3 білім ұясы күрделі жөндеу жұмыстарынан өтуде, деп newsroom.kz хабарлайды.

Әлеуметтік нысандардың құрылысының сапалы болуы мен мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуы мақсатында партия филиалдары тарапынан тұрақты түрде бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бүгін партияның Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Әбдіқадыров бастаған партияның бақылау комиссиясының мүшелері аудандық мәслихат депутаттары Ф.Файзуллаев, С.Даванова және БАҚ өкілдері құрылыс нысандарына бақылау жұмыстарын жасады. Нәтижесінде Қарамұрт елді мекеніндегі Киров мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілгендігі белгілі болды. Білім ұясының жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер мекеме «Сервис Центр-2007» ЖШС күзге дейін құрылысты аяқтауға тиіс болатын. Дегенмен, жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалғанына қарамастан жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Оған қоса, бұған дейін атқарылған жұмыстардың сапасы да сын көтермейтіндігі анықталды. Аталға комиссия келесі кезекте Айнабұлақ жалпы орта мектебінің құрылыс алаңына барды. Манкент ауылындағы 600 орынға шақталған білім мекемесінің құрылысы қазірше тоқтап тұр. Нысан төлқұжатына сәйкес мектеп құрылысы шілде айында басталу керек болған. Алайда, құрылыс алаңында ұзындығы 20 метрді құрайтын ордан өзге ештеңе жоқ. Енді аудандық партия филиалы тарапынан кемшіліктерге жол берген қос нысанның жоба авторлары мен техникалық бақылаушыға, құрылысқа жауапты мердігер мекемелерге қатаң шара қолдану жөнінде Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына арнайы қызметтік хат жолданады. Айта кетейік, Сайрам ауданы — Түркістан облысындағы ең ірі аудандардың бірі болып саналады. Аудан орталығы - Ақсукент. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 1,7 мың км² (облыстың 1,4%). Тұрғын саны 241,8 мың адам (2003). Ауданда сүтті-етті мал, биязы жүнді қой, мал азықтық дақыл, астық, көкөніс, жеміс, жүзім, сүт өндіруге мамандандырылған 7 ұжымшар, 5 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі, облысы ауылы шаруашылық тәжірибе станциясы болған. Осылардың қатарында «Шымпласт» ЖШС консервілік тауарларды өндіру, «Оңтүстік құс» АҚ құс етін өңдіру, «Арай» ЖШС өсімдік майын өндіретін, «Принир 2001» ЖШС томат пастасын өндіру және тағы басқалар. 2007 жылдың алты айында ауданымызда әлеуметтік-экономикалық даму қалыпты жағдайға түсіп, жалпы экономикалық өсім байқалады. Бюджеттің кіріс бөлігі айтарлықтай ұлғайып, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында жалпы өнім көлемі өсті, шағын және орта кәсіпкерлік дамыды. Аудан экономикасының сан-саласына едәуір мөлшерде инвестиция құйылды, ипотекалық тұрғын үй құрылысы сапалық жаңа сатыға көтерілді. ӨК, ЖШС, АҚ және 4739 шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Аудандағы ірі кәсіпорындар: «Манкентсельмаш» АҚ – ауылы шаруашылық машиналарын, «Жер-Ана» ЖШС – жеміс-көкөніс консервілерін, «Арай» ЖШС – өсімдік майын, «Оңтүстік құс» АҚ – жұмыртқа, жұмыртқа ұнтағы, құс еті, құс етінен жасалған шұжық, «Ақсу» ӨК – ауылы шаруашылық өнімдерін өндіреді. Кірпіш завоты жұмыс істейді. 2003 жылдары аудан кәсіпорындары 4316,6 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін, соның ішінде 117 т ет және құс еті өнімдері, 4797 т өсімдік майы және тоң майын, 35,8 мың т дәннен және өсімдіктен алынған ұн, 41,4 мың т ауылы шаруашылық малдары үшін дайын жем, 38,6 мың л жүзім шарабы, 73,6 мың л шырындар өндірді. Аудан ет-сүт өндіру, шошқа, құс өсіруге мамандандырылған. ауылы шаруашылық тауарын өндіруде облыс бойынша 8,4%-ды құрайды. Облыстағы ірі қара малдың 18,4%, сиырдың 14,7%, қой мен ешкінің – 6,4%, шошқаның – 30,1%, жылқының –13,4% өсіріледі. С. ауылының ауылы шаруашылық жалпы өнімінің 44,1%-ын ет, сүт, жұмыртқа өндірісі құрайды. Ауданда облыстағы бидай егістігінің 15,1%, арпаның 10,65%, қант қызылшасының 87,0%, мақсарының 14,5%, картоптың 17,3%, көкөністің 14,8%, жеміс-жидектің 21,2%, жүзімдіктің 17,8% орналасқан. ауылы шаруашылық жалпы өнімінің құрылымындағы 19,5% – көкөніс, 12,9% – дәнді дақыл, 6,6% – картоп өндірісінің үлесіне тиеді. Ауданда жылдан жылға өнеркәсіп саласы жақсы дамып келеді. Ауыл шаруашылығына арналған машиналар және оларды күрделі жөндеуден өткізу, оларға керекті қосалқы бөлшектер шығару, көкөніс түрлерінен консервілер дайындау, шарап өнімдерін, түрлі үлгідегі электродтар жасайтын, спирт өндірісі, құс еті, жұмыртқа өндірісі және басқа да өнеркәсіп тауарларын шығаратын, қайта өңдейтін өндіріс орындары жұмыс істейді. 2007 жылдың 6 айында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен, шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығы секторын қосқанда 3 миллиард 518 миллион теңгенің өнімін өндіріп, 2006 жылдың 6 айымен салыстырғанда 590 миллион теңгеге артық немесе 120%-ды құрады. Ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарында 1 млрд. 856 млн.теңгенің, шағын және қосалқы кәсіпорындарда (үй шаруашылығы секторын қосқанда) 1 млрд. 662 млн.теңгенің өнімі өндірілді. 2007 жылдың 6 айында ауданның өнеркәсіп саласында өнеркәсіптік өнім өндіретін 44-тен аса түрлі меншіктегі ірі, орта және кіші кәсіпорындар жұмыс атқарып, аудан халқының 33 пайызға жуығын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс шаралар жоспары туралы» №609 қаулысына сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Тассай ауыл округіне қарасты Қызыл-сай елді мекенінде айына 45 тонна макарон өнімдерін шығаратын «Арай-астық» ЖШС-і іске қосылып, 79 жаңа жұмыс орны ашылса, маусым айында бұл мекеме 18 жаңа жұмыс орнына кеңейтіліп отыр. Сайрам ауыл округінде жылына 25 мың дана жылыту жүйелеріне және су құбырларына арналған полипропилен трубалар шығаратын «ПАМИР-С» ЖШС-і іске қосылып, 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылатын ауыл шаруашылығы саласында ағымдағы жылдың алты айында өндірілген жалпы өнім көлемі 3616,1 млн.теңгені құрады, өткен 2006 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 381,7 млн.теңгеге, немесе 111,8 пайызды құрады.Нарықтық реформалар барысында кәсіпкерлік секторы қоғамда елеулі орынға ие болды. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қажетті жағдай жасалды. Атқарылған оң шаралар нәтижесінде 2007 жылдың 6 айында аудан бойынша 11219 кәсіпкерлік құрылымдары тіркелген, оның ішінде 654 заңды тұлға, 6762 шаруа қожалықтары, 3803 жеке кәсіпкер тіркеліп, 45704 адам жұмыспен қамтылған. Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі