Үздік экологиялық «Eco Startup» жобалар 1 500 000 теңгені иелене алады

19 Қараша, 2019 102 0

18-19 қараша Нұр-Сұлтан қаласында Жастар жылын жүзеге асыру аясында «Eco Startup» республикалық экологиялық стартап жобалар байқауының финалы өтеді.

Басты мақсаты - жастар арасында әлеуметтік жауапкершілік тәрбиелеу мен экология мәдениетін қалыптастыру үшін әлеуметтік маңызы бар экологиялық бизнес бастамалар мен стартап жобаларды қолдау. Жастардың назарын қоқыс(ластау) мәселесіне аудару, мәселені шешуге жұмылдыру.

Байқауға еліміздің барлық өңірінен 35 жасқа дейінгі жеке тұлғалар мен Жобалық топтар, ұйымдар өтінім жіберді.

Байқау жұмыстары үздік стартап идея және үздік прототип екі аталымдары  бойынша қабылданды.

«Eco Startup» байқауы 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңге 50-ден аса жұмыс қабылданып, екінші кезеңге (финалға) 2 аталым бойынша 20 жұмыс өткізілді. Олардың ішінде «SMART TAMAQ», «Өңделген тамақ майын биодизельге жинауды және өңдеуді ұйымдастыру», «Эко-бахилалар», «Сұйық түрдегі тыңайтқыш алу» сияқты жобалар бар.

Комиссия мүшелері байқау жобаларын жаңашылдығы және бірегейлілігі, өзектілігі, мақсатты аудитория, жүзеге асыру мүмкіндігі, бәсекелестерден артықшылығы критерийлерін ескеріп бағалайтын болады.

Жүлде қорының жалпы сомасы 1 500 000 теңге (Әр аталым үшін 750 000 тенге).

Іс-шара аясында мемлекеттік органдар өкілдерімен және қоғам қайраткерлерімен дөңгелек үстел, танымал стартапшылармен, экология мәселесін қозғап жүрген блоггерлермен кездесу, «Арнасай» жасыл технологиялар орталығына саяхат, «Eco Startup» экологиялық стартап жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі: 19 қараша  сағат 15:30-де Мәңгілік Ел 55 (Astana Hub) мекен-жайы бойынша өтеді.

Ұйымдастырушылар: «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің, «Оператор РОП» ЖШС және БҰҰДБ қолдауымен.

Республикалық  «Жас Ұлан»

Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер

ұйымының Баспасөз  қызметі

Тегтер: «EcoStartup», экология, жастаржылы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.