Өртті болдырмау үшін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз – Нұрлан Жаңабаев
Өртті болдырмау үшін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз – Нұрлан Жаңабаев
Жыл басынан бері өңірде 140-қа жуық өрт тіркелді. Бұл былтырмен салыстырғанда 3%-ға төмен. Өртті болдырмау үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрлан Жаңабаев айтты, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.
Оның айтуынша, биыл 7 айда облыста 138 өрт тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда өрт 3%-ға төмен (2021 жылы 143 өрт анықталған).
Нұрлан Жаңабаев Маңғыстау облысы ТЖД-ға қарасты Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде 806 маман жұмыс істейтінін атап өтті.
«Аттестатталған құрам – 722 бірлік. Оның ішінде: орта және басшы құрам – 110 бірлік, кіші басшы құрам – 612 бірлік, азаматтық қызметкерлер саны – 84. Толық емес, аттестатталған құрам – 118 бірлік. Оның ішінде: орта және басшы құрам – 3 бірлік, кіші басшы құрам – 115, азаматтық қызметкерлер саны – 4. Аттестатталған құрам – 604 бірлік. Оның ішінде: орта және басшы құрам – 107 бірлік, кіші басшы құрам – 497 бірлік, азаматтық қызметкерлер саны – 80 бірлік», - деді басқарма басшысының орынбасары.Ол өңірдегі Төтенше жағдайлар департаментінде 133 арнайы көлік барын атап өтті.
«Лизинг арқылы 30 автокөлік алу жоспарланып отыр. Бүгінде көліктердің 5%-ы жарамсыз болып саналады», - деді Нұрлан Жаңабаев.Азаматтық қорғау подполковнигі облыста өртті болдырмау үшін тұрғындар арасында жыл сайын түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
«Бүгінде аулаларды аралау және БАҚ-та түсіндіру жұмыстары жүргізу арқылы өрт қауіпсіздігі ережелерін оқытуға ерекше назар аударылып отыр. Мысалы Өрт қауіпсіздігі бойынша 216 мектеп пен 7 мың 133 адамдықамти отырып, онлайн режимде 106 интерактивті сабақ және маңғыстаулықкәсіпкерлермен 9 дөңгелек үстел ұйымдастырылды», - деді Маңғыстау облысы ТЖД басшысының орынбасары.Биыл жұрт көп жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіретін 22 билборд орнатылған.
«Сондай-ақ тұрмысты төмен топтар арасында да түсіндіру жұмыстары жүргізілді(1 982 адамдың қатысуымен 7 581 рейд жүргізілген). Тұрғын үй секторында жалпы150 мыңнан аса адамды қамтитын, 41 мың аула аралау жұмыстары жүргізілді. Жергілікті полиция қызметі өкілдерімен БАҚ-ты тарта отырып, көлікпен 50 рейд ұйымдастырылды», - деді Нұрлан Жаңабаев.Жыл басынан бері Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы 8 акция өткізген: «Қауіпсіз Жаңа жыл», «Қауіпсіз көлік», «Көпқабатты ғимараттардағы қауіпсіздік», «Табиғат – тіршілік көзі», «Қауіпсіз балалық шақ», «Балаларымызды қорғайық», «Өртсіз демалыс», «Менің қауіпсіз демалыстарым». Оған 25 мыңнан аса тұрғын қатысқан. Басқарма басшысының орынбасары өрт сөндіру қызметіне қалай жұмысқа орналасуға болатынын түсіндірді.
«Қызметке тұру үшін үміткерлер 1 кезеңде Қазақстанның мемлекеттік тіл мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өтуікерек. Көптеген үміткер аталған тестілеуден өте алмай қайта тапсыруға қалып қояды. Олар емтиханды тек 1 айдан соң тапсыра алады. Тестілеуден өтпеген үміткерлер жұмысқа тұру мүмкіндігінен айырылады. Лауазымдардың бос тұруының себебі осы», - деді азаматтық қорғау подполковнигі.Оның айтуынша, 2022 жылғы 11 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев«Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қарау айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңынақол қойған.
«Осы заңға сәйкес, құқық қорғау қызметіне қатардағы және кіші басшы құрамының лауазымдарына кандидаттардың ҚР заңнамалық және жеке қасиетін бағалау тестілерін тапсыру тәртібі қысқартылды. Биыл 11 қыркүйектен бастап заң күшіне енеді. Бұл өзгерістер алдағы уақытта Азаматтық қорғау органдарына жұмысқа қабылдау мәселесін оңтайландырады және жұмысқа кіру тәртібін жеңілдетеді деп ойлаймын. 2023 жылғы біріншіжартыжылдығына дейін бос лауазымдардың шамамен 60-70% толықтыруға мүмкіндік мол», - деді Нұрлан Жаңабаев.Мамандар өртті болдырмау үшін қазақстандықтарға төмендегі қарапайым ережелерді сақтауға кеңес береді:
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- төсекте темекі тартпаңыз;
- тұрмыстық және басқа құрылғыларды пайдалану жөніндегі нұсқауларды орындаңыз;
- бұзылған электр құрылғыларынпайдаланбаңыз;